Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" № 308 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8–бабы 3–тармағы 5) тармақшасы және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 22 маусымдағы 28 сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақысын беру және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 308 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімі N 8-10-27 болып тіркелген), аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің 2006 жылғы 28 тамызындағы N 31 (7043) санында жарияланған, келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) 3 тармақта: 2) тармақшада: "6 ай" деген "7 ай" деп ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 8 тармақта 5) тармақшада: "18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы" алынып тасталсын.
Тармақша 3
3) Осы шешімнің 2 және 8 тармақтары жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саланы дамыту және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х.Қ. Досмақов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі А. Түсіпбеков