Төлеби аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 29/196-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Төлеби аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 29/196-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 желтоқсандағы «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 27/305-III шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы № 2/10-ІV шешіміне және аудан әкімдігінің 2007 жылғы «31» қазандағы № 673 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Төлеби аудандық мәслихатының «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №29/196-III шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-23 нөмірмен тіркелген, 2007 жылы 13 қаңтарда аудандық «Төлеби туы» газетінде жарияланған, Төлеби аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 акпандағы №30/208-III «Төлеби аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №29/196-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-26 нөмірмен тіркелген, 2007 жылы 14 наурыздағы аудандық «Төлеби туы» газетінің №22 (7688) санында жарияланған, Төлеби аудандық мәслихатының 2007 жылғы 30 мамырдағы №33/236-III «Төлеби аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №29/196-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-28 нөмірмен тіркелген, 2007 жылы 23 маусымында аудандық «Төлеби туы» газетінің №49-50 (7715) санында жарияланған, Төлеби аудандық мәслихатының 2007 жылғы 27 шілдедегі №34/246-III «Төлеби аудандық мәслихатының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №29/196-III «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-30 нөмірмен тіркелген, 2007 жылы 5 қыркүйектегі аудандық «Төлеби туы» газетінің №73-74 (7739) санында жарияланған, шешімдермен өзгерістер енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақта:
1) тармақшадағы:
«2 817 586» деген сандар «2 832 128» деген сандармен ауыстырылсын;
«495 844» деген сандар «498 372» деген сандармен ауыстырылсын;
«171 092» деген сандар «182 092» деген сандармен ауыстырылсын;
«2 145 200» деген сандар «2 140 742» деген сандармен ауыстырылсын.
2) тармақшадағы:
«2 749 996» деген сандар «2 768 853» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«67 590» деген сандар «63 275» деген сандармен ауыстырылсын;
Аталған шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5,6 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.