2006 жылдың 25 қаңтардағы "1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылдың 25 қаңтардағы "1989 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" № 10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери мідеттілік пен әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық прокуратурасының 2006 жылдың 6 наурызындағы № 7-2-06 наразылығы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 30 қаңтарында 2-12-25 нөмірімен тіркелген 2006 жылдың 17 ақпанындағы № 7 «Қаратал» газетінде жарияланған Қаратал ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 25 қаңтарындағы «1989 жылы туылған азаматтарды әскери шақыру учаскесінде тізімге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» № 10 қаулысына, аталған қаулымен бекітілген қосымшаларына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1)2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын «Тізілімге алу жөніндегі тиісті комиссия 1 қосымша бойынша құрылсын»;
Тармақша 2
2)1 қосымшада «Аудандық тіркеу комиссиясының құрамы» деген сөздерден кейін «/негізгі/» дейін сөз жазылмасын; «төрайым орынбасары» деген сөздер «комиссия төрағасының орынбасары» деген сөздермен, «комиссия төрайымы» деген сөздер «комиссия төрағасы» деген сөздермен жазылып екеуінің тұрған орындары ауыстырылсын; «Ким Владимир Тимофеевич» - комиссия құрамынан шығарылсын;
Тармақша 3
3)3 қосымшада «3 қосымша» деген сөзден «3» деген цифр «2» деген цифрмен жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.