Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» № 15/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 13 ақпандағы № 12-9-23) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек туралы» № 15/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2006 жылғы 13 ақпандағы № 12-9-23) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы «2006 жылы аудан азаматтары жекелеген санаттары әлеуметтік көмек туралы» № 15/1 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін.
Тармақ 2
2. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы нұсқаулықтың 2 тармағы келесі тармақпен толықтырылсын: - аса мұқтаж азаматтарға көзделмеген шығындар үшін материалдық көмек.
Басқа 3. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 24 ақпандағы «Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 77/4 қаулысымен бекітілді Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заң күші бар № 247 Жарлығына сәйкес жергілікті өкілетті органдар шешімдері бойынша аудан азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек беру тәртібін анықтайды.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Жазылған басты зейнеткерлер, әлеуметтік зейнетақы алатын 1 топты мүгедектер;
Тармақша 2
2) Ауданда тұратын туберкулезбен ауыратындар;
Тармақша 3
3) Туберкулезбен ауратындар (Бурабай курортына бару жол ақысы)
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы шегінде медициналық мекемеге емдеу үшін жолақы қажет ететін науқастар;
Тармақша 5
5) Отбасы кірісі кедейшілік шегінен аспайтын аз қамтамасыз етілген және жұмыссыз қатарындағы азаматтардың отбасынан қайтыс болғандарға (жабдығын өткізуге);
Тармақша 6
6) Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ тұлғаларды құжаттандыру үшін;
Тармақша 7
7) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (дәрі-дәрмек алу үшін);
Тармақша 8
8) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (9 мамыр жеңіс күнін мерекелеу үшін);
Тармақша 9
9) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (басылымдарға жазылу үшін);
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектерге (тістерін протездеу үшін).
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Нұсқаулықтың 2 бабы 2 тармағында көрсетілген азаматтар санатына әлеуметтік төлемдер төленеді: әлеуметтік төлем келесі тармақшаларында көрсетілген азаматтарға 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10).
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемақы және әлеуметтік көмектің басқа түрлері және құқығы бар азаматтар:
Тармақша 1
1) 7,8,9,10 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңдестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң бар № 2247 Жарлығына сәйкес тағайындалады.
Тармақша 2
2) 1), 4) тармақшада көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тағайындалады;
Тармақша 3
3) 2,3,5,6 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік төлемдер 6.2.258.015.000 бюджеттік бағдарламаның беру жолымен жүргізіледі.