Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 247 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жангелдин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 247 «Кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналық куәландыруға және аймақ шегінде оқу орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" каулысына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жангелдин ауданының әкімдігінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 247 "Кәсіби даярлау біліктілікті арттыру және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға тұруға, тамақтануға, медициналығ куәландыруга және аймақ шегінде оку орнына баратын жолға арналған шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің нұсқаулығы туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылы 26 қаңтарда № 9-9-54 тіркелген, аудандық "Біздің Торғай" газетінің 2007 жылы 16 акпан аралығындағы № 7 (7855) санындағы жарияланған) қаулысына мынандай өзгертулер енгізілсін: 12-тармақтың 1) тармақшасындағы «үш айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «төрт айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын; 12-тармактың 2) тармақшасындағы «екі айлық есептік көрсеткіш» деген сөздер «алты айлық есептік көрсеткіш» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Т. Әубәкіровке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.