Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 165/30 «Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 165/30 «Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және Балқаш қаласы Әділет басқармасының 2006 жылғы 10 қазандағы № 4-2/331 хатының негізінде қалалық Мәслихат ШЕШІМ ETTI:
Тармақ 1
1. Қалалық Мәслихаттың 2006 жылғы 27 наурыздағы № 165/30 «Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқыктық актінің мемлекеттік тіркеу тізіміндегі тіркеу № 8-4-30, «Приозерский вестник» газетінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 8(55) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда керсетілген шешіммен бекітілген Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасында: «Жалпы ережелер», «Мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау», «Осы ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілік» деген тараулардың тақырыптары алдынғы мәтіннен екі жоларалық интервалмен бөлінсін; 4 тармағының 7) тармақшасы жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. «КЕЛІСІЛДІ» Ауыл шаруашылы бөлімінің бастығы «18» 10 2006 жыл __________ А.Исатаев Жер қатынастары бөлімінің бастығы «18» 10 2006 жыл __________Т.Айдарханов Приозерск қалалық аумақтық басқармасының бастығы «18» 10 2006 жыл __________ Б.Сәрсембеков Қарағанды облысы Приозерск қалалық 4-ші ішкі icтep бөлімінің бастығы «18» 10 2006 жыл __________Н.Ли Приозерск қаласының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті филиалының басшысы «18» 10 2006 жыл __________Л.Батанаева Приозерск қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы «18» 10 2006 жыл __________А.Күнесбаев