Қолданыстағы ред. 14.07.2006

Бөрлі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі «Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа)» № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 14.07.2006 г. № 335 (Бөрлі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі «Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа)» № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

Бөрлі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі «Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа)» № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі «Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы (сырадан басқа)» («Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести» газетінде 2006 жылдың 3 мамырында № 35 жарияланған, 2006 жылдың 27 сәуірінде №7-3-25 мемлекеттік тіркеуден өткен) № 154 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 1 тармағындағы:
«Куликешев Адильхан Апиевич» деген сөздер «Савченко Василий Иванович» сөздерімен алмастырылсын;
қаулының 4 тармағындағы:
«А.А.Куликешевке» деген сөздер «В.И. Савченкоға» сөздерімен алмастырылсын.
3-1. «Архитектура» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (А.Гадельшиев) алкоголь өнімімен көтерме және бөлшек сауда жасауға арналған лицензияны алу үшін өтініш берушіге таңдап алынған сауда нысанынан жүз метр радиуста қойма және тұрақты үй-жайларды балалар мекемелері, білім беру ұйымдары жоқтығы туралы анықтама беруге ұсынылсын.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.И. Савченкоға жүктелсін.