«Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 97 бабы 2 тармағындағы "Тұрғын үй қатынастары туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы №19-8 «Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі мен Ережесін бекіту туралы»» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-22 нөмірмен тіркелген («Серпін» газетінің 2006 жылғы 2 сәуірінде №18, 2006 жылғы 1 мамырында №19 жарияланды), шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: мынандай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын: «4-1 тармақ. Меншіктің барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшін ақы Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша алынады. Мемлекет тұрғын жайды ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) коммуналдық қызметтерді, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу үшін табысы аз отбасыларына (азаматтарға) көмек көрсету жөнінде шаралар қолданады. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын жайдың меншік немесе жалдаушысы (қосымша жалға алушылары) болып табылатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен беріледі. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін аудандардың жергілікті өкілді орғандары белгілейді».
Тармақ 2
2. Шыңғырлау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Бекжанов М.) осы шешімді басшылыққа алсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер және агроөндірістік кешен жөніндегі тұрақты комиссиясына (Тасмағамбетов А.Б.) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді.