«Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысына (тіркеу № 7-9-17, 29.02.2006) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жыл 23 қаңтардағы №149-11 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, 2001 жыл 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жыл 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын және “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысына (тіркеу № 7-9-17, 29.02.2006) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 22.05.2006 г. № 115 («Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 52 қаулысына (тіркеу № 7-9-17, 29.02.2006) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)
0
1
1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 30 қаңтардағы № 52 (тіркеу № 7-9-17, 29.02.2006, 2006 жылы 24 наурызда “Еңбек туы” газетінің №12 санында жарияланған) «Аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының № 1 қосымшасына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
1) қаулының 1-қосымшасының 2-жолындағы аудандық аумақтық басқарма мекемесі тарапынан атқарылатын қоғамдық жұмыстың түрлері қатарына ірі қара малын қолдан ұрықтандырушыға көмекші жұмысшылар алу - деген сөздермен толықтырылсын.
2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Балғайшиевке жүктелсін.