Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28 бабы және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағы негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы от 24.06.2008 г. № 238 (Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы № 56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» (нормативтік құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4-8-51 болып енгізілген) қаулысының 4 тармағының 2 қосымшасындағы аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін алуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Бисенғалиевтың қызметтен шығуына байланысты, орнына аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Хасенова Балғаным болып өзгертілсін.
2. Аудан әкімиятының 2007 жылғы 29 тамыздағы №307 «Аудан әкімиятының 2006 жылғы 31 наурыздағы №56 (нормативтік құқықтық акті 2006 жылғы 21 сәуірінде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 4-8-51 енгізілген, аудандық «Серпер» үнжариясының №19 6.05.2006 жылғы баспасөз бетіне ресми жарияланған) «Аудан әкімінің әлеуметтік білім беру көмегін тағайындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық акті 2007 жылғы 29 қыркүйекте мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4-8-87 болып енгізілген) қаулысының 4 тармағының күші жойылсын.
3. Осы қаулы Әділет Басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне еніп, алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткесін қолданысқа енгізілсін.