Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 6 қыркүйектегі "Жәнібек ауданының жерлерін салық салу мақсатында жер салығының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы" № 28-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 6 қыркүйектегі "Жәнібек ауданының жерлерін салық салу мақсатында жер салығының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы" № 28-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 2009 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа еңгізілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
"Жәнібек ауданының жерлерін салық салу мақсатында жер салығының базалық ставкасының түзету коэффициентін бекіту туралы" 2006 жылғы 6 қыркүйектегі № 28-3 Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7-6-33 тіркелген, аудандық "Шұғыла" газетінде № 42, 2006 жылғы 13 қазанда жариаланған) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Кіріспесінде:
"338" деген сан "387" деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.