Қолданыстағы ред. 22.10.2007

2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 «Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы от 22.10.2007 г. № 2-4 (2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 «Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы)

0

2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 «Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 санды «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 10 «Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесін бекіту туралы» мәслихаттың шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7-8-29 нөмірмен тіркелген, 30.10.2006 жылғы № 45 «Ауыл айнасы» газетінде жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін:

1

1) аталған шешіммен бекітілген Ереженің 2 бөлімінің 11 тармағындағы «көп пәтерлі ұйде тұратын жанұя ит пен мысықты ұстау үшін ортақ баспалдақ алаңында тұратын көршілерінің келісімін алуға» делінген сөйлем алынып тасталсын.

2

2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

4. Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың Ережесі

Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы
22 қазандағы № 2-4 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы
8 қыркүйектегі № 10 шешімімен
бекітілген
Казталов ауданы аумағындағы елді мекендерде иттерді және мысықтарды күтіп ұстаудың
Ережесі

1. 1. Жалпы ережелер

1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып табылады.

2

2. Казталов ауданы аумағындағы барлық жеке заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті болып табылады.

3

3. Казталов ауданы аумағындағы қалыпты ветеринариялық жағдайды сақтау мақсатында Ережені басшылыққа алу міндетті.

2. 2. Ит және мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері

2. Ит және мысық иелерінің құқықтары мен міндеттері

4

4. Иттерге және мысықтарға оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, иттер мен мысықтарға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, сусыз, тамақсыз қалдырмауға, иттер мен мысық ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне сүйенуге;

5

5. Иттер мен мысықты ұстау ережелері мен санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға, олардың жалпы пайдаланымдағы жерлерді ластауға жол бермеуге;

6

6. Ветеринарлық мекемелер мамандарының талаптары бойынша диагностикалық тексеру мен қарау үшін иттер мен мысықтарды дер кезінде ветеринарлық мекемеге жеткізуге;

7

7. Егер ит пен мысық адамды немесе үй жануарын тістесе бұл туралы жәбірленуші және жануардың иелері тиісті шаралар алу үшін шұғыл түрде денсаулық сақтау және ветеринариялық қадағалау мекемелеріне хабарлауға;

8

8. Адамдарды тістеген ит пен мысықты ветеринария маманына көрсету және 10 күн бойына ветеринария маманының бақылауында байлап ұстауға;

9

9. Объектілерді, аумақтарды әртүрлі тұқымдағы иттермен күзету кезінде, олардың иелері сақтандыру кестесін іліп қоюға;

10

10. Жануарлардың иелері үйді және үйдің айналасының санитарлық жағдайын таза ұстауға және пәтер, баспалдақ алаңын және үй мен ауланың басқа да көпшілік пайдаланатын орындарын ит пен мысықтың ластаған нәжісін олардың иелері шұғыл тұрде тазалап отыруға;

11

11. Жеке үйде тұратын жанұя санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтаған жағдайға, ит пен мысықты үйде ұстаұға рұқсат етіледі.

12

12. Ит пен мысық ауырған жағдайға ветеринария мамандарына көрсету, ал өлген жағдайда өліксені мал моласына апарып жоюға;

13

13. Иттерді байлап ұстауға, күзет иттерін жабық ауладан сыртқа шығып кетпейтін жағдайда босатуға болады. Итті көшеде серуендеткенде тұмсықтор кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұстауға міндетті.

3. 3. Иттерді және мысықтарды ұстау

3. Иттерді және мысықтарды ұстау

14

14. Ит пен мысықты тұрғын жайларда, пәтерлерде ұстауға.

15

15. Көпшілік пайдаланатын жерде иттерге тұмсықтор кигізіп, қысқа қарғыбаумен ұсталуы және мойнына иттің аты, ит иесінің мекен-жайы, телефон нөмірі көрсетілген қарғысы болуы тиіс.

16

16. Кәмелетке жасы толмағандарға және бұрын адам мен малға итімен зиян келтірген тәртіп бұзушыға қызу қанды, алыпсоқ, ірі, ашулы тұқымды итті және осы тектес иттерді ұастауға рұқсат берілмейді.

17

17. Қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас адамдарға, 16 жасқа дейінгі балаларға ірі иттерді қыдыртуға және де итпен көшеге шығуға тиым салынады.

18

18. Иттерді және мысықтарды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнына, сауда залдары мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерде ұстауға және кіргізуге тиым салынады.