«2006 жылға арналған аудандық бюджет» туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2006 жылға арналған аудандық бюджет» туралы «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына облыстық мәслихаттың «Әділет департаментінде 2004 жылғы 22 желтоқсанда № 1804 тіркелген», облыстық мәслихаттың «Облыстық бюджет және аудандар мен қалалардың бюджеттері арасындағы 2005-2007 жылдарға арналған жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері туралы» 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 8/127 шешіміне және «2006 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 6 желтоқсан № 13/229 шешіміне сәйкес:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
Тармақша а
а) кірістер – 1541150 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 1389272 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 3050,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 37095 мың теңге; ресми трансферттер түсімдері бойынша – 111733 мың теңге;
Тармақша б
б) шығындар - 1541150 мың теңге;
Тармақ 2
2. 2006 жылға аудан бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері мынадай көлемде белгіленсін: - төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз - төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз - қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табюыс салығы – 100 пайыз - әлеуметтік салық – 100 пайыз
Тармақ 3
3. 2006 жылға аудандық бюджеттен облыстық бюджетке 1025765 мың теңге сомасында бюджеттік алымдар белгіленсін.
Тармақ 4
4. 2006 жылға арналған аудандық бюджет шығыстарында мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілерге жатпайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көбейтуге республикалық бюджеттен 44548 мың теңге сомасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны белгіленсін.
Тармақ 5
5. 2006 жылға арналған аудандық бюджетке облыстық бюджеттен төмендегі көлемдегі ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және оған қатысушыларға біржолғы жәрдем төлеуге – 310 мың теңге; Әрбір Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегіне 30 мың теңге есебімен бөлінгені ескерілсін. Үйден тәрбиеленіп оқылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге – 168 мың теңге; Кәсіпкерлік қызметті қолдау үшін – 3300 мың теңге;
Тармақ 6
6. 2006 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен төмендегі көлемде дамуға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін: - сумен жабдықтау жүйесін дамытуға – 26843 мың теңге; - жылу энергетикалық жүйені дамытуға – 36564 мың теңге;
Тармақ 7
7. Құқық берілсін: Азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлемдер аудан әкімиятының қаулысымен бекітілген тәртіпке сәйкес мөлшерде белгіленсін:
Тармақша 1
1)біржолғы материалдық көмек: амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмек сатып алу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 5000 мың теңге мөлшерінде.
Тармақша 2
2)Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне облыстық газеттің біреуінің жылдық жазылу құқының сомасы мөлшерінде; Атаулы күндерге біржолғы материалдық көмек:
Тармақша 3
3)Ұлы Жеңіс күніне (9 мамыр): Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 30000 теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ҚСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; 1941 жылдың 22 маусымнан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі кезеңде кемінде 6 ай жұмыс істегені туралы еңбек кітапшасында жазбасы немесе мұрағаттық анықтамасы бар тыл еңбеккерлеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Ленинград қоршауының тұрғындарына – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; Фашистік концлагерлер тұтқындарына - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4)Қарттар күніне: жасы 70-тен асқан қартайған жалғызілікті зейнеткерлерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5)Мүгедектер күніне: (жыл сайын қазанның екінші жексенбісі) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектерге - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6)Қазақстан Республикасы күніне: 25 қазан -асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға - 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде; - аз қамтамасыз етілген және қаржы көлемін аса қажет ететін азаматтарға, бар қаржы көлеміне сәйкес біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 7
7)Ай сайынғы қосымша үстемақы: Сіңірген еңбңгі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8)Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істетйін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына, сондай-ақ қалалық үлгідегі кенттерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына 5000 теңге мөлшерде отын сатып алуға;
Тармақша 9
9)Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына 25 % көтеріңкі жалақы және тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін;
Тармақша 10
10)Аудан әкімиятының резерві 1126 мың теңге сомасында бекітілсін.
Тармақша 11
11)2-қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
Тармақша 12
12)3-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджеттің процесінде секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.
Тармақша 13
13)4-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттен аудан бюджетіне нысаналы трансферттер берілгені ескерілсін.
Тармақша 14
14)5-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған аудандық бюджетке кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.