О номенклатуре товаров и услуг и их объемах (в процентном выражении), закупаемых организаторами конкурса у организаций, производящих товары и услуги, создаваемых общественными объединениями инвалидов Республики Казахстан, на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы мен олардың көлемі (пайызбен көрсеткенде) туралы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Конкурсты ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгіленген тәртіппен осы тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 30 (отыз) пайызы көлемінде жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Осы Қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 желтоқсандағы N 1252 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2006 жылға арналған номенклатурасы
Тармақ 1
1. Азық-түлік тауарлары:
Тармақша 1
1) макарон өнімдері.
Тармақ 2
2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
Тармақша 1
1) тігін бұйымдары;
Тармақша 2
2) тоқыма бұйымдары;
Тармақша 3
3) арнайы киім;
Тармақша 4
4) үлбірден тігілген киім және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
Тармақша 5
5) төсек-орын керек-жарақтары.
Тармақ 3
3. Электротехникалық бұйымдар:
Тармақша 1
1) электр патрондары;
Тармақша 2
2) ТКБД датчигі (температуралық камералық биметалдық датчик реле);
Тармақша 3
3) электр ажыратқыштар;
Тармақша 4
4) электромагниттік іске қосқыш;
Тармақша 5
5) электророзеткалар;
Тармақша 6
6) ұзартқыштар.
Тармақ 4
4. Көлік құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер:
Тармақша 1
1) сүзгіштер;
Тармақша 2
2) электр сымдары;
Тармақша 3
3) шөткелер.
Тармақ 5
5. Пластмассадан, металдан жасалған бұйымдар:
Тармақша 1
1) легендер;
Тармақша 2
2) шелектер;
Тармақша 3
3) ожаулар;
Тармақша 4
4) қоқысқа арналған қалақшалар;
Тармақша 5
5) қыстырғыштар;
Тармақша 6
6) түймелер;
Тармақша 7
7) киім ілгіштер;
Тармақша 8
8) карниздер;
Тармақша 9
9) сызғыштар;
Тармақша 10
10) шахматтар;
Тармақша 11
11) үлестіру қораптары;
Тармақша 12
12) электр энергиясын есептеу құралдарына арналған қаптамалар мен тұрқылар;
Тармақша 13
13) құжаттар тігілетін папкаларға арналған құлыптар;
Тармақша 14
14) метиздер;
Тармақша 15
15) мал байлайтын шынжырлар;
Тармақша 16
16) малдарға арналған биркалар;
Тармақша 17
17) рабица торкөзі.
Тармақ 6
6. Тұрмыстық, мектепке арналған, кеңсе жиһазы.
Тармақ 7
7. Кеңсе тауарлары.
Тармақ 8
8. Құрылыс материалдары:
Тармақша 1
1) тротуар тақтасы;
Тармақша 2
2) ағаш бұйымдары;
Тармақша 3
3) шегелер;
Тармақша 4
4) металл черепица.
Тармақ 9
9. Қылқалам-шөтке бұйымдары.
Тармақ 10
10. Тығындау бұйымдары.
Тармақ 11
11. Қатырма қағаз бұйымдары.
Тармақ 12
12. Көрсетілетін қызметтер:
Тармақша 1
1) аяқ киім тігу және жөндеу;
Тармақша 2
2) полиграфиялық;
Тармақша 3
3) ғұрыптық;
Тармақша 4
4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтері;
Тармақша 5
5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.