Об утверждении предельной величины процентной ставки комиссионного вознаграждения на осуществление деятельности акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" и механизма ее использования на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2006 жылға арналған шекті шамасын және оны пайдалану тетігін бекіту туралы
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 28-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық ставкасының 2006 жылға арналған шекті шамасы есепті айда Қордың шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 0,95 пайызынан асырылмай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес есептелген есепті айдағы комиссиялық сыйақы сомасы есептіден кейінгі айдың бірінші бес жұмыс күнінде Қордың ағымдағы шотына аударылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Қордың шотына келіп түскен комиссиялық сыйақы сомасы Қорды басқару органы бекіткен Қор қызметін қамтамасыз етуге 2006 жылға арналған шығыстар шегінде пайдаланылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі