Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2006 жылға арналған квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2006 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 0,70 пайыз мөлшерінде, оның ішінде: бірінші және екінші санатқа (ұйымның басшы құрамы, жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар) - 0,25 пайыз; үшінші санатқа (білікті жұмысшылар) - 0,32 пайыз; төртінші санатқа (маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшылар) - 0,13 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.