Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную военную службу в апреле-июне и октябре-декабре 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруын жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 31-бабы 1-тармағы тармақшасының негізінде, «Әскери міндеті және әскери қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 96 Жарлығын және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 139 қаулысын орындауда Сарыкөл ауданынын әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыру күніне дейін 18 жаска толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шакыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған азаматтардың 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Шақыру комиссияның құрамы бекітілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Хабарлаудың жұмыс тобы бекітілсің (2 қосымша).
Тармақ 4
4. «Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынң бас дәрігері Ж.К. Құсаиновқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) кезекті шақыруды өткізу үшін аудандык медициналык комиссияны дәрігер мамандармен толықтырсын;
Тармақша 2
2) 2006 жылдың 1 сәуірінен шақырылуға тиісті шақырылушылардың сапалы қабылдауын, анализдерінің қорытындыларын өңдеуін және беруін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақырылушылардың тексеруін және емдеуін өткізу үшін 10 төсек-орын бөлсін, тексеру және емдеу актілерін «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 3 күндік мерзімде тапсырсын;
Тармақша 4
4) шақыру пунктін қажетті мүлік, дәрі-дәрмек, құрал-саймандармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Ө. Әбілқасымовқа (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жеткізуіне жәрдем етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссияның жұмыс істеу кезеңінге және Қазақстан Республикасынын Қарулы Күштеріне жөнелту күндерінде қоғамдық тәртіпті қалпымда сақтау үшін «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініміне сәйкес полиция нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. Ауылдық округтердің және Сарыкөл кентінің әкімдері әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктіне жіберу үшін уақытында және толық хабарландыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер бастықтарына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жөнелтуге шақыру қағазын алған шақырылушылармен уақытында есеп айырсын;
Тармақша 2
2) кажетті анықтамалар мен мінездемелер беруіне кедергі жасамасын;
Тармақша 3
3) мүмкіндігінше шақырылушылардың салтанатты шығарып салуын ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.И. Лысяк) аудан бюджетінде ескерілген мөлшерде «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтінімі бойынша белгіленген мерзімде шақырудың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2005 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 7 қазандағы № 328 қаулысының күші жойылды деп есептелсін, 2005 жылғы 11 қазандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-17-14.
Тармақ 10
10. Берілген каулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Бегалинге жүктелсін.
Басқа 20. Шақыру комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 160 қаулысымен бекітілген Шақыру комиссияның құрамы Вячеслав Владимирович Слободюк - «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы Асқар Қадырлыұлы Бегалин - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Сапар Әжікенұлы Бекпасов - дәрігер-терапевт, медициналық комиссияның төрағасы Қанат Амангелдіұлы Меңдібаев - «Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Наталья Григорьевна Толочик - шақыру комиссияның хатшысы
Басқа 21. Хабарлаудың жұмыс тобы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 160 қаулысымен бекітілген Хабарлаудың жұмыс тобы Вячеслав Владимирович Слободюк - жұмыс тобының төрағасы Жұмыс тобының мүшелері: Қанат Амангелдіұлы Меңдібаев - «Сарыкөл ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Юрий Николаевич Яценко - «Сарыкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әскери қызметкерлерін шарт бойынша қабылдау және шақыру бөлімінің бастығы Ауылдық округтер мен Сарыкөл кенті бойынша әскери есеп үстелдерінің мамандары