Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 2006 года Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 29 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат XVII сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төмендегідей қосымшаларға сәйкес төлемақы ставкалары бекітілсін:
Тармақша 1
1) тұрақты көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (№ 2 қосымша);
Тармақша 3
3) су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедеріне, жинақтағыштарға, жер қойнауына ластағыш заттардың тастағаны үшін төлемақы ставкалары (№ 3 қосымша);
Тармақша 4
4) улылық топтарына қарай өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін төлемақы ставкалары (№ 4 қосымша);
Тармақша 5
5) Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлемақы ставкалары (№ 5 қосымша);
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
Басқа 8
Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 265-III шешіміне № 1 қосымша Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (шартты тонна) Аймақ 2006 жылғы тенге/шартты тонна Атырау облысы 2568
Басқа 9
Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 265-III шешіміне № 2 қосымша Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары Отын түрлері 2006 жылғы теңге/ нақты тонна Этилдендірілмеген бензин 387 Этилдендірілген бензин 482 Дизель отыны 610 Сұйытылған мұнай газы 348 Табиғи газ 235 Ескерту: Ластағыш заттар шығаратын өзге жылжымалы көздерге мыналар жатады: автокөліктер, тепловоздар, өзен және теңіз кемелері, жол құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да іштен жанатын қозғалтқыштарымен жабдықталған техникалар).
Басқа 10
Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 265-III шешіміне № 3 қосымша Ластағыш заттарды шығарғаны үшін төлемақы ставкалары (шартты тонна) Объектілер 2006 жылға тенге/шартты тонна Су объектілеріне 19163 Сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне, тоған жинақтамаларына, жер қойнауына 17916 Ескерту: Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар төлем есеп айырысуларын шартты тоннамен де, нақты тоннамен де бере алады; Ағын сулармен су объектілеріне түскен ластағыш заттар үшін төлемді есептеген кезде балық шаруашылығына жүргізуге жарамды судың мүмкін шектегі концентрациясы (миллиграмм, литр) алынады; Ағын сулармен сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне және жинақтамаларға түскен ластағыш заттар үшін төлемді есептеген кезде мәдени тұрмыстық судың мүмкін тетегі концентрациясы (миллиграмм, литр) алынады; Ағын сулармен су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне және жинақтамаларға түскен салыстырып салмақталған заттар үшін төлемді есептеген кезде әрбір кәсіпорынға жеке-жеке бекітілген мүмкін шектеулі концентрациясы нормативтері (миллиграмм, литр) есепке алынады.
Басқа 11
Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 265-III шешіміне № 4 қосымша Өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық топтарына қарай (нақты тонна) орналастыру, сақтау (көму) үшін төлемақы ставкалары № Қалдықтарын улылық топтары Балл саны Қауіптілік денгейі Төлем (мөлшерлеме) нормативі, 2006 жылғы тенге/нақты тонна 1 1 32 Төтенше қауіпті 38348 2 2 16 Қауіптілігі жоғары 19174 3 3 4 Ортанша қауіпті 4794 4 4 2 Аз қауіпті 2397 5 5 1 Усыз 1198
Басқа 12
Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 қарашадағы № 265-III шешіміне № 5 қосымша Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлемақы ставкалары Аймақ Өлшем бірлігі, 2006 жылғы Атырау облысы Теңге/гекокалория Алауларда жанған газдан атмосфераның жылу арқылы ластануы 482