Об утверждении ставок платежей за загрязнение окружающей среды на 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 462 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі № 160 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 29 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын басшылыққа ала отырып, облыстық мәслихат XVII сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төмендегідей қосымшаларға сәйкес төлемақы ставкалары бекітілсін:
Тармақша 1
1) тұрақты көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (№ 1 қосымша);
Тармақша 2
2) жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (№ 2 қосымша);
Тармақша 3
3) су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедеріне, жинақтағыштарға, жер қойнауына ластағыш заттардың тастағаны үшін төлемақы ставкалары (№ 3 қосымша);
Тармақша 4
4) улылық топтарына қарай өндірістік және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін төлемақы ставкалары (№ 4 қосымша);
Тармақша 5
5) Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлемақы ставкалары (№ 5 қосымша);
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М. Шырдабаев) жүктелсін.
Басқа 8
Атырау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 265-III шешіміне № 1 қосымша
Тұрақты көздерден атмосфераға шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары (шартты тонна)
Аймақ
2006 жылғы тенге/шартты тонна
Атырау облысы
2568
Басқа 9
Атырау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 265-III шешіміне № 2 қосымша
Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден шығарылған ластағыш заттар үшін төлемақы ставкалары
Отын түрлері
2006 жылғы теңге/ нақты тонна
Этилдендірілмеген бензин
387
Этилдендірілген бензин
482
Дизель отыны
610
Сұйытылған мұнай газы
348
Табиғи газ
235
Ескерту: Ластағыш заттар шығаратын өзге жылжымалы көздерге мыналар жатады: автокөліктер, тепловоздар, өзен және теңіз кемелері, жол құрылыс, ауыл шаруашылығы, басқа да іштен жанатын қозғалтқыштарымен жабдықталған техникалар).
Басқа 10
Атырау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 265-III шешіміне № 3 қосымша
Ластағыш заттарды шығарғаны үшін төлемақы ставкалары (шартты тонна)
Объектілер
2006 жылға тенге/шартты тонна
Су объектілеріне
19163
Сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне, тоған жинақтамаларына, жер қойнауына
17916
Ескерту: Табиғат пайдаланушы кәсіпорындар төлем есеп айырысуларын шартты тоннамен де, нақты тоннамен де бере алады;
Ағын сулармен су объектілеріне түскен ластағыш заттар үшін төлемді есептеген кезде балық шаруашылығына жүргізуге жарамды судың мүмкін шектегі концентрациясы (миллиграмм, литр) алынады;
Ағын сулармен сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне және жинақтамаларға түскен ластағыш заттар үшін төлемді есептеген кезде мәдени тұрмыстық судың мүмкін тетегі концентрациясы (миллиграмм, литр) алынады;
Ағын сулармен су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедерлеріне және жинақтамаларға түскен салыстырып салмақталған заттар үшін төлемді есептеген кезде әрбір кәсіпорынға жеке-жеке бекітілген мүмкін шектеулі концентрациясы нормативтері (миллиграмм, литр) есепке алынады.
Басқа 11
Атырау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 265-III шешіміне № 4 қосымша
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын улылық топтарына қарай (нақты тонна) орналастыру, сақтау (көму) үшін төлемақы ставкалары
№
Қалдықтарын улылық топтары
Балл саны
Қауіптілік денгейі
Төлем (мөлшерлеме) нормативі, 2006 жылғы тенге/нақты тонна
1
1
32
Төтенше қауіпті
38348
2
2
16
Қауіптілігі жоғары
19174
3
3
4
Ортанша қауіпті
4794
4
4
2
Аз қауіпті
2397
5
5
1
Усыз
1198
Басқа 12
Атырау облыстық мәслихатының
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 265-III шешіміне № 5 қосымша
Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлемақы ставкалары
Аймақ
Өлшем бірлігі, 2006 жылғы
Атырау облысы
Теңге/гекокалория
Алауларда жанған газдан атмосфераның жылу арқылы ластануы
482