О некоторых вопросах распределения и использования целевых трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы в 2006 году на развитие и обустройство инженерно-коммуникационной инфраструктуры Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi бөлу мен пайдаланудың кейбiр мәселелерi туралы
"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердiң сомасын бөлу;
Тармақша 2
2) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн мақсатты трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) тиiстi мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерiнде тиiстi түсiмдердi, сондай-ақ инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға байланысты бағдарламалар бойынша шығыстарды көздейтiн шешiмдердi қабылдағаннан кейiн үш күнтiзбелiк күн iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне мәслихаттардың көрсетiлген шешiмдерiн ұсынсын;
Тармақша 2
2) есептiден кейiнгi айдың 8-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жұмыстардың барысы және нысаналы трансферттердiң пайдаланылуы туралы ай сайынғы ақпаратты ұсынсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң құрылысын бақылауды және үйлестiрудi, сондай-ақ республикалық бюджеттiк бағдарлама паспортына сәйкес бюджет қаражатының тиiмдi және орынды пайдаланылуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2006 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 35 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2006 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін нысаналы трансферттердің сомасын бөлу
Өңірлер
Тұрғын үйлерді салу кезінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берілетін қаражатты бөлу, млн. теңге
барлығы
оның ішінде
жеке
көп пәтерлі
Ақмола облысы
300
165
135
Ақтөбе облысы
1245
885
360
Алматы облысы
1170
745
425
Атырау облысы
1725
1340
385
Шығыс Қазақстан облысы
820
600
220
Жамбыл облысы
725
500
225
Батыс Қазақстан облысы
960
685
275
Қарағанды облысы
930
600
330
Қостанай облысы
870
670
200
Қызылорда облысы
670
470
200
Маңғыстау облысы
1010
660
350
Павлодар облысы
800
600
200
Солтүстік Қазақстан
облысы
750
500
250
Оңтүстік Қазақстан
облысы
2025
1580
445
Астана қаласы
2000
Алматы қаласы
4000
Республика бойынша жиыны
20000
10000
4000
Басқа 1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 13 қаңтардағы
N 35 қаулысымен
бекiтiлген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарының (бұдан әрi - жергiлiктi атқарушы органдар) 20000000000 (жиырма миллиард) теңге сомасында "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңында көзделген 2006 жылы инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы трансферттердi пайдалану тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысаналы трансферттердi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне (бағдарламаның әкiмшiсiне) 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi қаржыландырудың бекiтiлген жиынтық жоспарына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуына және жайластыруына бөледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi ұсынған деректемелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдарға инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға белгiленген тәртiппен бекiтiлген "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға берiлетiн нысаналы даму трансферттерi" деген республикалық бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сай облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша нысаналы трансферттердiң бекiтiлген жалпы сомасын бөлуге сәйкес қаражат аударады.
Тармақ 4
4. Нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын iске асыруды құрылыс қызметi туралы, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға және бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Тиiстi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыруға арналған нысаналы трансферттердiң уақтылы, орынды және тиiмдi пайдаланылуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жауапты болады.