Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников по городу Алматы на 2006 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Су Кодексінің" 38 бабының 5 тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 454 бабының 1 тармақшасына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.
Тармақ 2
2. ІІІ сайланған Алматы мәслихатының ХХ сессиясының "2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 206 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелер жөніндегі тұрақты бақылау комиссиясына (Біртанов А.Б.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.И. Баеділовке жүктелсін.
Басқа 4
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 219а шешіміне қосымша 2006 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары Арнайы су пайдалану түрлері Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызмет, тиын/текше метр Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қосқанда, тиын/текше метр Ауыл шаруа шылығы тиын/текше метр Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған су шаруашылықтары, тиын/текше метр өзен, көл, теңіз бассейндері 1 2 3 4 Балқаш көлі мен өзендердің бассейні 3,69 10,15 2,92 2,77 таблицаның жалғасы Арнайы су пайдалану түрлері Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар, теңге/тонна Гидроэнергетика, тиын/квт. сағат Су көлігі, тиын/ тонна км.. өзен, көл, теңіз бассейндері 5 6 7 Балқаш көлі мен өзендердің бассейні 72,48 1,08 0,31