Об утверждении Правил оказания жилищной помощи на 2006 год в городе Лисаковске Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуірдегі, «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 заңдарына, "Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін Лисаков қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 813 қаулысына сәйкес, мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Л.Н.Черноваға және қала әкімінің орынбасары В.В.Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Мәслихат сессиясының «Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 218 шешімімен бекітілген Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларына (азаматтарға) «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы төленетін тұрғын үй жәрдемақысы ретінде тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлеу үшін көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар Лисаков қаласының әкімшілік аумағында үнемі тұратын аз қамтылғандардың санасынан тұратын және тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдалануға төлеу ұшін шығысдар шегіндегі үлесі отбасылардың (азаматтардың) жиынтық кірісі 25 пайыздан асатын пәтер иесілері немесе пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын отбасылар (азаматтар).
Тармақ 3
3. Жеке меншігінде біреуден артық үй-жайы бар немесе тұрғын үй-жайын жалға тапсырушы (жалға) отбасылар (азаматтарға), жағдай тууына байланысты Майлин селосынан, Красногор селосынан Лисаков қаласына көшіп келген отбасылардан (азаматтардан) басқа, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Бұл норма ата-аналарымен немесе балаларымен тұрып, тұрғын үйді жекешелендіруге қатысқан тұлғаларға және ерлі-зайыптылары арасында некені бұзған жағдайда да қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Егер отбасында еңбекке қабілеті бар адам бола тұра, жұмыс істемейтін, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскер қатарында болмаған және жұмыссыз ретінде әлеуметтік қорғау органында тіркелмеген тұлғалар болса, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ. Ескерту ретінде мынаны құрайды:
Тармақша 1
1) мүгедекке (негіздеме - медициналық қортындысы) күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, үшінші топтағы мүгедек бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) медициналық керсеткіштер бойынша 7 жасқа дейінгі балаларды күтуді жүзеге асыратын тұлғалар;
Тармақша 3
3) үш жасқа дейінгі баласы бар аналар және жаңа туған қызды немесе ұлды асырап алған, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының енбек туралы» Заңына сәйкес баланы күту бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалысты ресімдеген әйел (ер кісі) немесе үш жасқа дейінгі балаларды күту бойынша олардың орнын ауыстыратын тұлғалар;
Тармақша 4
4) стационарлық емдеуде ұзақ уақыт болған немесе туберкулез диспансерінде жатып амбулаториялық емдеудегі тұлғалар;
Тармақша 5
5) босқын, шетел азаматы мәртебесі бар тұлғалар, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ және үнемі тұратын тұлғалар;
Тармақша 6
6) үш жастағы баласы бар және жұмыс істемеген, бала туғанға дейін әлеуметтік қамсыздандыру органында есепте тұрмаған әйелдер.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
3. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау шарттары
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақысын алу кезінде есепке аудан мөлшері қабылданады:
Тармақша 1
1) отбасының бір мүшесіне — 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр отбасына;
Тармақша 2
2) жалғыз басты тұратын азаматтарға - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр, бірақ бір бөлмеден кем емес; осы мөлшер жатақхана ұшін де қолданылады. «Лисаковқалакоммунэнерго» өндірістік-шаруашылық бірлестігі мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жеке тұрған үй, коммуналдық қызмет көрсетулерін пайдаланушы тұрғындарына 5-тармақта көзделген тұрғын үй мөлшерімен тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Жәрдемақы тағайындау объектісі нормативтік ауданы шегіндегі тұрғын үй жайын отбасы пайдаланатын және электронды түрде қаланың коммуналдық кәсіпорындарымен ұсынылатын нақты коммуналдық шығындары және телефон үшін абоненттік ақы тарифін көтеру сомасы болып табылады: пәтерақысы (тұрғын үйді пайдалану шығындары); жылу; ыстық су, бір адам басына норма бойынша; суық су, бір адам басына норма бойынша; кәріз, бір адам басына норма бойынша; лифт, бір адам басына норма бойынша; электр қуаты бір адам басына кемінде 50 КВт; электр плитасы бар жатақханаларда және үйлерде кемінде 100 квт бір адам басына; табиғи газды пайдалану кезінде бір адам басына газ және кемінде 6,7 кг бір адам басына газ балонын пайдалану кезінде; телефон үшін абоненттік ақы бекітілген төлеу кезінде тарифті көтеру сомасы мөлшерінде. Аталмыш ережелермен белгіленген мөлшерден тыс тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдалану төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Орташа жанға кіріс 9700 теңгеден аспайтын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында үй-жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жіберілетін шығындар шегіндегі мөлшер 22 пайыз көлемінде қабылданады.
Тармақ 7
7. Құрметті азаматтар 5 - тармақта көрсетілген аудан мөлшерін ескере отырып, коммуналдық қызметтерге төлем төлеу сомасы толығымен орнын толтырады.
Тармақ 8
8. Отбасының біреуі өкілетті органдардың шешімі бойынша баланың қорғаншысы болып табылатын отбасыларына ата-анасының табысын есептемей жиынтық кірісті есептеп шығарылады.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
4. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін әлеуметтік қамсыздандыру органына азаматтардың өтініш беру және осы үшін деректер банкісін қалыптастыру тәртібі
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысын алу үшін талапкер әлеуметтік қамсыз дан дыру органына мына құжаттарды ұсынуға тиіс: тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш (аталмыш ережеге қосымша); жұмыс істеуші азамат өткен тоқсанға еңбекақысы туралы анықтаманы; неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік, немесе некені бұзу туралы соттың шешімі; жылжымайтын мүліктің бар болуы туралы анықтаманы, жылында 1 рет; азаматтарды тіркеу кітабының немесе тұрғындарды тіркеу кітабының көшірмесі; зейнетақы куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 10
10. Қалада ақпаратпен электронды айырбас жүйесін жасалуына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру органына мыналар ұсынылады: «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі - жұмыссыз ретінде әлеуметтік қамсыздандыру органдарында тіркелген адамдар туралы мәліметтер және материалдық көмек көрсетілген сомалар; «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Лисаков филиалы - бірінші, екінші топтағы мүгедектер, сексеннен асқан және денсаулық жағдайы туралы Дәрігердің қортындысы бар зейнеткерлерге жылжымайтын мүлік болуы туралы мәліметтер; «Лисаков қаласының білім және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі - аз қамтылған отбасылардың оқушыларына және мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету туралы мәліметтері. Ай сайын: Қаланың коммуналдық қызметтері, пәтер иелерінің кооперативтерінен - төленген коммуналдық төлемдер, эксплуатациялық шығындар және лифт пайдалану үшін шығындар туралы мәліметтер.
Тармақ 11
11. Азаматтар тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтінішпен әлеуметтік қамсыздандыру органына тоқсан сайын өтініш жолдайды. Себепсіз жағдайлармен тоқсан ішінде қайта тіркелмеген адамдар тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықты жоғалтады. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде отбасы құрамындағы өзгерту туралы 10 күн ішінде хабар бермеген тұлғаларға тоқтатылады.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
5. Тұрғын үй жәрдемақыларын есептеу тәртібі
Тармақ 12
12. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде есепке өткен тоқсанның табысы қабылданады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақысы толығымен ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Азаматтардан арыз тоқсан ішінде қабылданады.
Тармақ 14
14. Бірінші рет өтініш еткен азаматтарға өтініш еткен айдан бастап тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады, басқа жерден көшіп келген 18 жастан асқан тұлғаларға бұрынғы орнынан тұрғын үй жоқтығы туралы мәлімет беруге тиіс.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері осы Ереженің 5-тармағымен белгіленген аудан мөлшері шекті және осы мақсатқа Ереженің 7, 8- тармақтарында көзделген аталмыш отбасының табыстың мүмкін болатын деңгейі шекті тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерді пайдаланудың нақты төлемі арасындағы айырмашылық түрінде анықталады.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй жәрдемақысын есептелгенде отбасының (азаматтардың) шаруашылық және саяжай учаскесінің табыстары алынбайды.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу кезінде қабылданатын табыстар туралы жорта күмән келтіретін ақпарат берген жағдайда, өтініш беруші күнтізбе жылының ішінде жәрдемақы алу құқығын жоғалтады. Артық төленген сомалар ерікті жолымен қайтарылады, бас тарту жағдайында - сот тәртібімен.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
6. Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу тетігі
Тармақ 18
18. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесін құрады, «Лисаков қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылады.
Тармақ 19
19. «Лисаков қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі төленген тұрғын үй жәрдемақысының жиынтық тізімдемесінде көрсетілген сомада «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қаржыландырады.
Тармақ 20
20. «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жәрдемақы алушылардың жазбаша өтініші бойынша тұрғын үй жәрдемақысының сомалары коммуналдық кәсіпорны мен пәтер иелерінің кооперативтеріне аударылады. Телефон үшін абоненттік ақы тарифінің көтеру жәрдемақысы екінші деңгейдегі банктерде алушылардың жеке шотына аударылады.
Тармақ 21
21. Коммуналдық және пайдаланушы қызмет көрсетулердің, лифттерді пайдалану үшін қызметінің жеткізушілері түскен соманы жәрдемақы алушының жеке шоттарына аударады.
Тарау 7. 7. Ерекше шарттар
7. Ерекше шарттар
Тармақ 22
22. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау бойынша қолайсыз жағдай туған кезде дау және талас жағдайларды қарау қала әкімімен құрылған комиссиясының шешімін қабылдау үшін мәселе енгізіледі. Лисаков қаласындағы 2006 жылға арналған тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріне қосымша «Лисаков қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысына ___________________________________ ӨТІНІШ Менің отбасыма 2006 жылдың _________________________ тоқсанына ұстау және коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу шығындарының орнын толтыру үшін тұрғын үй жәрдемақысын төлеуіңізді сұраймын. Өз отбасым және кіріп отырған пәтерім туралы хабарлаймын: 1. Негізгі иесінің, жалдаушының тегі, аты. әкесінің аты ________________________________________ _______________________________________________________________________________________ 2. Үй мекенжайы: _______________________________________________________________________ 3. Телефоны: үй ____________________ жұмыс ______________________________________________ 4. Пәтер ________ бөлмелі __________ ауданы __________ шаршы метр ________________________ қабатты үйде, __________ қабатта. 5. Тұрғын үйдің түрі: жекешелендірілген, мемлекеттік және басқа ______________________________ (негіздеме __________________________). 6. Отбасы құрамы және табыстың болуы: р.н Отбасының барлық, мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты СТН Табыс көздері, сомасы 1 2 3 4 5 7. Басқа тұрғын үйім бар немесе жалға тапсырамын (пәтерді, үйді) ______________________________ ие, жоқ 8. Аула маңындағы шаруашылығым бар ____________________________________________________ иә, жоқ 9. Бағалы қағаздардан дивидендтер ________________________________________________________ иә, жоқ 10. Жинақ кассасындағы салымнан пайыздар ________________________________________________ иә, жоқ 11. Жылжымайтын мүлікті жалға тапсырудан түскен кірістер (пәтер, көлікжай, аяжай) _______________________________________________________________________________________ 12. Тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысын коммуналдық кәсіпорын және пәтер иелерінің кооперативінің атына менің жеке шотыма аударуыңызды сұраймын. Тұрғын үй жәрдемақысы бөліміне жорта күмән келтіретін мәліметтер бергені үшін, артынан жоғары және заңсыз жәрдемақы тағайындау тартылған үшін мен және менің отбасым Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жауапкершілік аламыз. Отбасының өкілі _________ Күні, айы, жылы _________________________________________________ қолы ШЕШІМ 1. Мына мекенжайда тұратын _____________________________________________________________ _____________________ отбасына, отбасының _____________ теңге жиынтық табысына байланысты 25 (22) пайыз есебінен тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалсын (бас тартылсын). 2. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеуден бас тарту себебі ______________________________________ _______________________________________________________________________________________ Күні, айы ____________________ жылы Орындаушы: ____________________________________________________________________________ Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________________ Лауазымы