О плане мероприятий по реализации приоритетных направлений работы малой ассамблеи народов Казахстана Акмолинской области на 2006 год Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жұмыстарының басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың 2006 жылға арналған жоспары туралы
«Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы және Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығын жүзеге асыру мақсаттарында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысының Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жұмыстарының басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қалалардың әкімдері, ішкі саясат және білім департаменттерінің директорлары, тілдерді дамыту, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт басқармаларның бастықтары жоспарда қарастырылған іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін және тоқсан сайын облыс әкімінің аппаратына олардың орындалуы туралы ақпарат тапсырып отырсын.
Тармақ 3
3. “Ақмола облысының Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жұмыстарының басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралардың 2005 жылға арналған жоспары туралы” Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 1 маусымдағы №а-5/182 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының күші 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімдігінің 2006 ж.
12.01. № а-1/16 қаулысына
1-қосымша
Ақмола облысының Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жұмыстарының басым бағыттарын жүзеге асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Р/с
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Орындалуына жауаптылар
1.
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының сессиясын өткізуді қамтамасыз ету
2006 ж. қыркүйек-қазан
Кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
2.
“Халықтар бірлігі Қазақстанның тұрақты дамуы және бірлігінің негізі” ғылыми-практикалық конферециясын өткізу
2006 ж. наурыз
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жанындағы ғылыми-аналитикалық орталықтың мүшелері (келісімі бойынша)
3.
“Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы азаматтық бейбітшілік, ұлттық келісім, қауіпсіздік” атты дөңгелек үстел өткізу
2006 ж. бірінші жартыжылдық
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясы жанындағы ғылыми-аналитикалық орталықтың мүшелері
2. Қазақстан Реслубликасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау, Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясын және ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асыру
4.
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының және ұлттық мәдени орталықтарының басшылары Президенттің Қазақстан халқына үндеуін, Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясын түсіндіру және насихаттау үшін аудандарға барып тұруын ұйымдастыру
2006 жыл бірінші жартыжылдық
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының мүшелері, ұлттық мәдени орталықтарының басшылары (келісімі бойынша
5.
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының және ұлттық мәдени орталықтарының қызметін көрсету үшін Медиа-жоспар құрастыру және бекіту
2006 ж. қаңтар
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті, “Қазақстан ҚРТР” АҚ облыстық филиалы (келісімі бойынша)
6.
Облыстық тарихи өлкетану мұражайында ұдайы қызмет ететін “Тарихи сабақтастық” экспозициялық көрме ұйымдастыру
2006 ж. мамыр
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, облыстық тарихи өлкетану мұражайы
7.
Қазақстандағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын жарнамалық материалдарды (биллборд, плакаттар) қоғамдық орындарда орналастыру
жыл бойы
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы
8.
Облыстық фестивалдар өткізу:
-Қазақстан халықтарының достығы (Қазақстан халықтары бірлігі күні аясында);
-Қазақстан халықтарының тілдері;
-“Қазақша караоке”
2006 ж. 1 мамыр
2006 ж. қыркүйек
2006 ж. қазан
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті, Ақмола облысының мәдениет басқармасы
9.
Оқушылар арасында “Тарих сабағы - шыдамдылық” атты өнер жұмыстарының конкурсын өткізу
2006 ж. қаңтар-ақпан
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы
10.
“Қазақстан - менің Отаным” атты фотоконкурс өткізу
2006 ж. наурыз-сәуір
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы
11.
2004-2005 жылдардағы “Қазақша караоке” конкурсы жеңімпаздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өткізу
2006 ж. наурыз
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының мәдениет басқармасы
12.
Жазғы сауықтыру лагерлерінің базасында, “Жұлдыз” сауықтыру орталығында балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру
2006 ж. маусым-тамыз
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының білім департаменті
13.
Облыс, аудан және қалалар әкімдерінің ұлттық мәдени бірлестіктері басшыларымен және активімен кездесуін өткізу
2006 ж. тамыз
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
14.
Облыс әкімінің облыстағы белгілі адамдармен кездесуі (әр ұлттардың)
2006 ж. қыркүйек
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы
15.
Жалпы білім беретін және жексенбілік мектептер оқушылары арасында “Менің Отаным Қазақстан’ тақырыбына шығармалар мен суреттер конкурсын ұйымдастыру
2006 ж. қазан
Қазақстан халықтары кіші Асбамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының білім департаменті
16.
Өткізу:
-рухани келісім күні;
-әр ұлттың балалары үшін жаңа жылдық шырша өткізу;
2006 ж. қазан
2006 ж. желтоқсан
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті, Ақмола облысының мәдениет басқармасы
17.
Ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептерінде ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру
2006 ж. қазан-қараша
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының білім департаменті
18.
Ұлттық мәдени орталықтары бірлестіктерінің жастары арасында КВН өткізу
2006 ж. қазан-қараша
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының білім департаменті
19.
Ұлттық мәдени орталықтармен бірлесе отырып азаматтық бейбіт өмір мен ұлтаралық келісімге ықпал ететін білім беру және мәдени іс-шаралар, акциялар өткізу
жыл бойы
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларыньщ әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылыгы, Ақмола облысының мәдениет басқармасы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
20.
Облыс аумағында тұратын халықтардың “Мәдени күндерін” өткізу (жеке жоспар бойынша)
жыл бойы
Аудандардың және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері, Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының ішкі саясат департаменті
21.
Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсаттарында университет, лицей, мектеп базаларында студенттік және мектеп оқушылары ассамблеяларын құру
жыл бойы
Қазақстан халықтары кіші Ассамблеясының хатшылығы, Ақмола облысының білім департаменті