Об организации общественных работ на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31- бабының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылы жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын кәсіпорындардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымша тізбеде көрсетілген кәсіпорындар басшылары «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарттарды жасасу үшін нақты жұмыс түрлерін есепке алсын.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік, денсаулық сақтау, білім, мәдениет бюджеттік бағдармалар әкімгерлері тізбеде белгіленген кәсіпорындар еңбек ақы төлеген және қызмет көрсеткен кезде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін есепке алсын.
Тармақ 4
4. «Арқалық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Сүлейменова) қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбек ақысы ең төменгі жалақының мөлшерінде жергілікті бюджеттен төленетінін есте ұстасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің орынбасары А.Ж. Шамшинге жүктелсің.
Басқа 7