О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения района на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы аудан тұрғындарын жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 18-1 бабына сәйкес, түрғындардың әлеуметтік қамтылмаған санаттарындағы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрғындардың нысаналы топтары құрамына кіретін азаматтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса беріліп отырғаннұсқаулығы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілермен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 6. Тұрғындардың мақсатты топтарының ТІЗБЕСІ
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
«19» қантар «2006 жылы аудан
тұрғындарын жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 51/1 қаулысымен
бекітілген
Тұрғындардың мақсатты топтарының ТІЗБЕСІ
Табысы аз адамдар;
21 жасқа дейінгі жастар;
балалар .үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата – ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата – аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
мейтенкерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан ауыру және (немесе) мәжбүрлен емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар.
Басқа 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУ
Железин ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «19» қантар «2006
жылға аудан тұрғындарын
жұмыспен қамту саласында
азаматтарды әлеуметтік қорғау
бойынша қосымша шаралар туралы»
№ 51/1 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі НҰСҚАУ
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі нұсқау (әрі қарай - Нұсқау) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін кәсіпорындармен меншіктің нысанының тәуелділігіне қарамай есеп айырысу жүйесін және шарттарын реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Нұсқауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар әлеуметтік жұмыс орны – халықтың нысаналы топтарындағы жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілдік органдарда тіркелген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыстының еңбегіне төлем үшін бөлшектік өтемақы жұмыс берушінің шағынан алынған жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушілермен әдейгілеп құратын немесе берілетін жұмыс орны.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз етілу және сақтандыру туралы заңдылық актілері таратылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
2. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарға әдейілеп әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс беруші мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалған 6 ай мерзімінде шарт негізінде ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Халықтын нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жұмыс берушілермен алынған жұмыстылардын еңбегіне төлем жергілікті бюджет қаражатынан бөлшектеп төлеу шарты негізінде беріледі немесе құрылады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарының дереккөзі және қаражаттандыру шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарының дереккөзі және қаражаттандыру шарттары
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру дереккөзі: жұмыс берушілер мен жергілікті бюджет қаражаты.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыру «Жұмыспен қамту бағдарламасының» 002 бағдарламасы «Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы қосымша шаралар» 102 бағдарламашасы.
Тармақ 8
8. Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша уәкілдік орган жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орнына алынған жұмыстының еңбеккасының бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу туралы шарт жасайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін (нұсқауын ) бақылау белгіленген заңдылық тәртібінде мемлекеттік органдармен іске асырылады.
4. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін (нұсқауын ) бақылау белгіленген заңдылық тәртібінде мемлекеттік органдармен іске асырылады.
9. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру тәртібін (нұсқауын) бақылау белгіленген заңдылық тәртібінде мемлекеттік органдармен іске асырылады