О мерах по предупреждению чрезвычайных ситуаций в период весеннего паводка 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылдың көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы
«Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»
Казақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес және төтенше
жағдайларды болдырмау, көктемгі су тасқыны кезеңінде облыстың
экономикасы мен инфроқұрылымының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз
ету мақсатында Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жоспары және 2006
жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге арналған шығыстардың
сметасы бекітілсін (1, 2-қосымшалар).
Тармақ 2
2. Қалалардың және аудандардың әкімдіктері 2006 жылдың 1
наурызына дейінгі мерзімде:
су тасқынын болдырмау жөніндегі, көктемгі кезеңде экономиканың
тұракты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды дайындап
бекітсін және оларды «Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және
жоюды үйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын;
су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыруды бақылау жөніндегі
комиссия құрсын;
балансында су қоймалары және кәріз сарқынды суларын жинауыш-буландырғышы, бөгетшелері мен бөгеттері бар үйымдардың басшыларына
оларды кезектен тыс тексеру ұсынылсын, авариялық тастауларды болдырмау
жөніндегі шаралар қарастырылсын, су тасқыны кезеңінде басшылар мен
авариялық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін белгілесін, оларды
қажетті механизмдер және материалдармен қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімдігінің шұғыл шығындарға арналған
резервінен су тасқынына қарсы іс-шаралардың алдын алу және өткізу үшін 5
586 000 (бес миллион бес жүз сексен алты мың) теңге сомасында қаражат
бөлінсін.
Тармақ 4
4. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру облыстық ведомствоаралық төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі комиссияға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Мейстерге жүктелсін.
Басқа 6. Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Әкімдіктің
2006 жылғы 15 ақпандағы
№ 59 қаулысына
1-қосымша
Облыстағы су тасқынына қарсы іс-шаралардың
ЖОСПАРЫ
Іс-шаралардың
атауы
Орындалу мерзімі
Жауапты
1. Тобол өзеніндегі су қоймасы каскады аркылы тасқын суларды өткізу және осы су қоймаларын толтыру жөніндегі іс-шаралардың кешенін орындау.
Су тасқынының барлық кезеңінде
«Костанайводхоз» республикалык
мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша)
2. Автомобиль және теміржол жолдарының ағызу құрылыстарын тазартуды және таскын сулардың ағуын қамтамасыз ету.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ашык акционерлік қоғамының филиалы (келісім бойынша) Қалалар мен аудандардың әкімдері
3. Автомобиль жолдары жер қабаттарының еру кезеңінде ауыр салмақты көлік құралдарының козғалысына шек қою.
Су тасқынының
барлық кезеңінде
«Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
департаменті» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша) Қостанай облысының ішкі істер департаментінің жол полициясының басқармасы (келісім бойынша)
4. Ықтимал апатты су тасқыны жағдайларының уакытылы және сапалы болжамын алу және осы болжамдарды дер кезінде калалар, аудандар әкімдеріне, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға және басқа да мүдделі ^йымдарға жеткізу.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Гидрометеорология» мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша)
5. Су тасқыны жағдайында елді мекендерді жэне шаруашылық нысандарын қалыпты байланыспен жэне электр қуатымен жабдықтауды камтамасыз ету.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облыстық телекомуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
6. Облыс аумағын ұшып аралау үшін ұшақтың тұракты ұшуға даярлығын жэне су тасқыны жағдайын сараптауды хамтамасыз ету.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай» аэропорты» ашық акционерлік қоғамы (келісім бойынша)
7. Жанар-жағармай материалдарының жетік қорын жасау, көлік пен техникалардың сапалы және апатсыз жұмысын камтамасыз ету.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
департаменті» мемлекеттік мекемесі
(келісім бойынша)
8. Сең жүру кезеңінде өзендерде жарылыс жұмыстары көлемінің болжамды қажеттілігін анықтау.
«Костанайвзрывпром» ашық акционерлік коғамы филиалымен жасасқан келісімшарттың негізінде экстремальды жағдайда жарылыс жұмыстарын шұғыл түрде өткізу мүмкіндігін уакытында желісу.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Костанайводхоз» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (келісім бойынша) «Казахвзрывпром» акционерлік қоғамының
«Костанайвзрывпром» филиалы
(келісім бойынша)
9. Жарылғыш жұмыстарын жүргізу үшін кажетті жарылғыш заттардың қорларын күруды қамтамасыз ету.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды жэне жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Казахвзрывпром» акционерлік қоғамының «Костанайвзрывпром» филиалы (келісім бойынша)
10. Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа жеткізу сызбаларын, эвакуациялау маршруттарын анықтау.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жұмылдыр) дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қалалар мен аудандардың әкімдері
11. Су тасқынынан болатын төтенше жағдайлардағы іс- әрекетке даярлау жөнінде халықты және кажетті қызмет көрсетушілерді жергілікті жағдайларға байланысты оқыту.
Су тасқыны
басталарға
дейін
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қалалар мен аудандардың әкімдері
12. Су тасқынының алдындағы және су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі облыстық вемоствоаралық комиссияның төрағасына жеті сайын жұмыстардың орындалуы мен жағдайды хабарлап тұру.
Барлық кезеңге
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Басқа 7. 2006 жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды
өткізуге арналған шығыстардың
СМЕТАСЫ
Әкімдіктің
2006 жылғы 15 ақпандағы
№ 59 қаулысына
2-қосымша
2006 жылдың су тасқынына қарсы іс-шараларды
өткізуге арналған шығыстардың
СМЕТАСЫ
Рет саны
Іс-шаралардың атауы
Құны, мың теңге
Бағдарламаның әкімшісі
1.
Бөгеліп қалған сеңдерді жою бойынша жарылыс жұмыстары
2 040
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2.
«Гидрометеорология» мемлекеттік кәсіпорынының көктемгі су тасқынына жасаған болжамына кететін шығындары
396
«Қостанай облысының жұмылдыру дайындыгы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
3.
Кезекші ұшаққа төлем төлеу
Кезекші тікұшаққа төлем төлеу
1 100
2 050
«Қостанай облысының жүмылдыру дайындыгы, азаматтык қорганыс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды жэне жоюды үйымдастыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Жиыны:
5 586