Об утверждении Правил использования средств на субсидирование повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушілерде мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берілетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 0. Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2006 жылғы 27 ақпандағы N 130 қаулысымен бекiтiлген Мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мал шаруашылығының өнiмдiлігi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) бройлерлер етiн отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 107 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiне мал шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруды субсидиялауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және оның шегiнде бройлерлiк құс фабрикаларына қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялар) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар еттi бағыттағы құсты азықтандыруда құрама азықтың құнын iшiнара арзандатуға, бройлерлер етiн өндiрудi және сатуды ынталандыруға, бройлерлiк құс шаруашылығының өнiмдiлiгiн, өнiмiнiң сапасы мен бәсекеге қабiлеттiлігін арттыруға және iшкi нарықтағы құс етiнiң бағасын төмендетуге арналады. Бройлерлiк құс фабрикаларына құрама азықтарды арзандатуға арнап субсидиялар төлеу олар өз өндiруiндегі сатылған құс етінiң сойыс салмағындағы iс жүзiндегi көлемi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген субсидиялар тиiстi облыстың әкiмi бекiтетiн мамандандырылған бройлерлiк құс шаруашылығы кәсiпорындарының (бұдан әрi - бройлерлiк құс фабрикалары) тiзiмiне енгiзiлген отандық бройлерлiк құс фабрикаларына төленедi.
Тармақ 4
4. Еттi бағыттағы құсты азықтандыруға пайдаланылатын құрама азықтардың 1 кг-ның құнын арзандату, құс етiнiң 1 кг-ын өндiруге жұмсалатын құрама азықтар шығысының, өз өндiруiндегi сатылған сойыс салмағындағы 1 кг құс етiне субсидиялардың нормативтерi Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
Тарау 2. 2. Бройлерлік құс шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруға берiлетiн субсидияларды пайдалану тәртiбi
2. Бройлерлік құс шаруашылығының өнiмдiлiгi мен өнiмiнiң сапасын арттыруға берiлетiн субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 5
5. Облыс әкiмiнiң шешiмімен құрамында ауыл шаруашылығы департаментiнiң, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi аумақтық басқармасының және облыстық статистика басқармасының мамандары бар комиссия (бұдан әрi - облыс комиссиясы) құрылады, оның құзыретiне бройлерлiк құс фабрикаларының құс етiн өндiруге, сатуға және субсидиялар алуға өтiнiмдерiн қарау, субсидия алушыларды, олар өз өндiруiндегі сатылған құс етi үшiн субсидиялар көлемiн белгiлеу, сондай-ақ субсидиялар алуға арналып ұсынылған барлық құжаттардың дұрыстығын тексеру кiредi.
Тармақ 6
6. Облыстың бройлерлiк құс фабрикалары сойыс салмағындағы құс етiн өндiруге, сатуға және субсидиялар алуға өтiнiмдердi, сондай-ақ өздерiнің өндiрiстiк қуаттары, материалдық-техникалық және азықтық базасы туралы деректердi облыс комиссиясына ұсынады.
Тармақ 7
7. Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикаларының iс жүзiндегi өндiрiстiк қуатына, материалдық-техникалық және азықтық базасына қарай бройлерлiк құс фабрикаларының субсидия алуға арналған өтiнiмдерiн қарайды және қарау қорытындылары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) бройлерлiк құс фабрикаларының тiзiмiн және сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн субсидиялар көлемiн ұсынады.
Тармақ 8
8. Облыс әкiмi: бройлерлiк құс фабрикаларының тiзiмiн; бройлерлiк құс фабрикаларының сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн субсидиялар көлемiн бекiтедi.
Тармақ 9
9. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген субсидияларды алу үшiн тiзiмге енгiзiлген бройлерлiк құс фабрикалары өздерi өндiрген құс етiнiң сатылуына қарай кәсiпорынның орналасқан жерi бойынша облыстық (аудандық, қалалық) статистика басқармасы куәландырған өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi туралы анықтаманы, сондай-ақ құс етiнiң сатылу фактiсiн растайтын құжаттарды облыс комиссиясына ұсынады. Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикалары ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексередi және оларды департаментке (басқармаға) ұсынады.
Тармақ 10
10. Департамент (басқарма) өз құзыретiнiң шегінде облыс комиссиясы ұсынған құжаттардың негiзiнде, жоғарыда көрсетiлген кiшi бағдарламаны iске асыру жөнiндегi бұйрықтарды шығарады, құрама азықтардың iс жүзiндегi шығысы, өз өндiруiндегі сатылған құс етiнiң көлемi туралы жиынтық актiнi бекiтедi. Құрама азықтардың iс жүзiндегi шығысы, өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi туралы бекiтiлген жиынтық актілер бойынша департамент (басқарма) тиесiлi бюджет қаражатының көлемiн белгiлейдi және өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi мен облыс бойынша субсидияның пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты жасайды. Ай сайын 10-күнге, бiрақ 2006 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей департамент (басқарма) Ауыл шаруашылығы министрлiгiне сатылған өз өндiруiндегi құс етiнiң көлемi және облыс бойынша субсидияның пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостардың көшiрмелерiн, бюджеттiк бағдарламаның iске асырылуы туралы есептi ұсынады, сондай-ақ субсидиялар төлеуге ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшiн жауапты болады.
Тармақ 11
11. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына мынадай құжаттарды: Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатылған өз өндiруiндегi құс етiнiң көлемi және облыс бойынша субсидиялардың пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты; төлем шотын ұсынады.
Басқа 1
Мал шаруашылығының өнiмдiлігі мен өнiмiнің сапасын арттыруды субсидиялауға берiлген 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесiне 1-қосымша
Тармақ 1
1. Еттi бағыттағы құсты азықтандыруда пайдаланылатын құрама азықтың 1 кг-ның құнын арзандату нормативi Өнім­нің ата­уы Құ­ра­ма азық­тың 1 кг-ын ар­зан­да­ту нор­ма­тивi, тең­ге (құ­ны­ның 45%-ына дей­ін) Құ­ра­ма азық 18
Тармақ 2
2. Құс етiнiң 1 кг-ын өндiруге жұмсалатын құрама азық шығысының нормативi Өнім­нің ата­уы Құс еті­нің 1 кг өн­ді­ру­ге жұм­са­ла­тын құ­ра­ма азық шы­ғы­сы­ның нор­ма­ти­ві, кг Құ­стың еті 2,61
Тармақ 3
3. Өз өндiруiндегi сатылған құс етiнің сойыс салмағындағы 1 кг-на субсидиялар нормативi Өнім­нің ата­уы Өз өн­ді­ру­ін­де­гі са­ты­л­ған құс еті­нің сой­ыс сал­ма­ғын­да­ғы 1 кг-на суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві, тең­ге Құ­стың еті 47
Басқа 2. бiрiктiрiлген жиынтық ведомость
Мал шаруашылығының өнiмдiлігі мен өнiмiнің сапасын арттыруды субсидиялауға берiлген 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесiне 2-қосымша Бекiтемiн _________________________________________облысы Ауыл шаруашылығы департаментiнiң басшысы _______________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөр) 2006 жылғы "______"_____________ _________ облысы бойынша 2006 жылғы _______ айы өз өндiруiндегi сатылған құс етiнiң көлемi және субсидиялардың пайдаланылуы туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомость Құс фабрикасының атауы жыл­дық кво­та Өз өн­діру­інде­гі са­тылған құс еті­нің сой­ыс сал­мағында­ғы 1-кг-ы үшін суб­сиди­я­лар нор­мати­ві, тең­ге Өз өн­діру­ін­де­гі құс еті­нің сой­ыс сал­ма­ғын­да іс жү­зін­де са­ты­л­ғаны, тон­на Суб­сиди­я­лардың жыл ба­сы­нан бер­гі ти­е­сі­лі со­ма­сы, тең­ге Жыл ба­сынан бе­рі тө­ленге­ні, тең­ге Суб­сидиялар­дың ти­е­сілі сома­сының қал­дығы, тең­ге Тө­лену­ге жа­таты­ны, тең­ге тонна теңге Жыл басы­на Есеп бе­ру айын­да 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Мал шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы ___________________________ (Т.А.Ә, қолы) Бас бухгалтер _______________________________________________ (Т.А.Ә, қолы)