Об организации социальных рабочих мест в Жаркаинском районе в 2006 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылға Жарқайың ауданында әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 34 бабына сәйкес халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу үшін Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабының 4 тарауының негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесі 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін
Тармақ 2
2. «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2006 жылы ұйымдарда құрылған әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру бойынша жүмыс ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрған ұйымдардың тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін (келісім бойынша).
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы жұмыс берушінің жартылай шығын өтемінен және бюджет қаражатынан жүргізілсін.
Тармақ 5
5. «Қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыруды ауданның 2006 жылға әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік жедел дамыту жоспарының көрсеткішіне сәйкес қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ұ.Ахметоваға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаулы Ақмола облысы Жарқайың ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және міндетті түрде жариялануға жатады.
Басқа 8
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «30» қаңтардағы №10 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі.
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Ереже халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, негізгі жағдайды мен әлеуметтік жұмыс орнын ұсынған ұйымдармен (жекеменшік түрге байланыссыз) есеп-қисап жүйесін реттейді. 2 Берілген Ереженің іс - әрекет етуі үшін құқыктық негіз Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қосымшалар және өзгертулер енгізу туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Ережеде қолданылған негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны (ӘЖО) - ұйымдарда мемлекеттік тапсырыспен арнайы ұйымдастырылған, бұл кәсіптік дағды және жұмыс тәжірибесін алу үшін азаматтардың арнайы тізімінен, әрі қарай өздігінен жұмысқа орналасу және кәсіптік білім алу үшін қажетті мақсатты үлес. ӘЖО - бұл жұмыс берушінің «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-мен келісім негізінде мақсатты топқа кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс беруші олардың еңбегі жартылай шығын өтемімен, жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жұмыс орны.
Тармақша 2
2) Мақсатты топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен бекітілген жұмысқа орналасуда қиналған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. ӘЖО-на жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң шығарушыдық актісі таратылады.
Тармақ 5
5. Өкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің жеке қаражатынан жартылай шығын өтеммен, жұмыссыздардан жұмыс орнына қабылданғандарға жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырумен анықталады және құрылады.
Тармақ 7
7. «Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік Мекемесі жұмыс берушілермен халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орнына қабылданғандарға еңбекақысын төлеуге, жартылай шығын өтем төлеміне көмек көрсету бойынша келісімге отырады.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және олардың еңбегін төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді жұмсау мақсатында жұмыспен қамту Бөлімі халықтың мақсатты тобынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрған және ұсынған ұйымдардың тізімін жұмыс берушілерімен жазбаша келісімімен анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасуға мақсатты топқа кіретін аз қамтылған жұмыссыздардың приоритеттік құқығы бар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жүмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі.
3. Әлеуметтік жүмыс орнын қаржыландыру шарты және көзі.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орынға қабылданған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің жеке еңбек келісімінің шартымен сәйкес және орындалатын жұмыстың сапасына, санына, қиындығына қарай әр ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуде жұмыс берушінің шығындары 50 пайыздық алты айдан кем емес мерзімдегі төменгі еңбекақы көлемінде жергілікті бюджеттен өтеледі
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақыға заң тәртібімен салық салынады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған мөлшерінде жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушрілер жергілікті бюджеттен ақшалай түсімді әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа алынған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу бойынша жұмсалған шығын өтеміне колданады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау.
4. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру және ұйымдастыру Ережесін қадағалауды бақылау заң тәртібімен белгіленген мемлекеттік органдармен жүзеге асады.