Об утверждении Правил использования средств на развитие племенного животноводства на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесiн бекiту туралы "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына сәйкес, асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.
Басқа 3. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 13 наурыздағы N 153 қаулысымен бекiтiлген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесi
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қаражатты пайдаланудың 2006 жылға арналған ережесi (бұдан әрi - Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде асыл тұқымды мал зауыттарына, малды асылдандырушы шаруашылықтарға, малды асылдандырушы және дистрибьютерлiк орталықтарға (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi) қаражат төлеудiң (бұдан әрi - субсидиялау) жалпы шарттары мен тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Субсидиялар:
Тармақша 1
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара арзандатуға;
Тармақша 2
2) мал тұқымын асылдандыру iсiн дамыту үшiн сатып алынатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтар (бұдан әрi - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы мен ұйымдастыру техникасының (бұдан әрi - техника) құнын толық өтеуге;
Тармақша 3
3) малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу және ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 4
4) еттi құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылықта (бұдан әрi - малды асылдандырушы шаруашылық) асыл тұқымды құстарды сатып алу және оларды күту жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 5
5) Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау және жаттықтыру, тұқымдық айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
Тармақша 6
6) 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалыптасқан және 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өтелмеген салық берешегiн (бұдан әрi - мерзiмi ұзартылған салық берешегi) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге өтеуiне арналады.
Тармақ 3
3. Осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген субсидиялар асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) жергiлiктi атқарушы органдар мал тұқымын асылдандыру iсiне белгiлеген квоталар шегiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылған құны бойынша нақты көлемiн сатқаны үшiн белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiне төленедi.
Тармақ 4
4. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидия нормативтерi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 5
5. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi асыл тұқымды өнiмдi (материалды) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiткен, төленетiн субсидия мөлшерiне кемiтiлген баға бойынша дербес сатады.
Тармақ 6
6. Аудан, облыс бойынша ұсынылатын асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының, мақсатты пайдалану актiсiнiң, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы жиынтық актiлердiң нысандарын, сондай-ақ малды асылдандырушы орталықтың, малды асылдандырушы шаруашылықтың, асыл тұқымды мал зауытының бюджеттiк қаражатын бөлудiң жылдық сметаларын Министрлiк бекiтедi.
Тарау 2. 2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
Тармақ 7
7. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) арзандатылған құн бойынша сатқанына субсидия алу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектiлерi мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2006 жылғы 1 желтоқсаннан кешiктiрмей аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмiне (бұдан әрi - бөлiм) мынадай құжаттарды: асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын; төлем құжаттарының көшiрмелерiн ұсынады;
Тармақша 2
2) бөлiм ай сайын 5-күнiне, бiрақ 2006 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей, алдыңғы ай үшiн бөлiм басшысы бекiткен аудан бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi және оны мақсатты пайдалану актiсiн сатып алу-сату шарттарының түпнұсқаларын қоса департаментке (басқармаға) ұсынады;
Тармақша 3
3) облыстар әкiмдiктерiнiң ауыл шаруашылығы департаментi (басқармасы) (бұдан әрi - департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату туралы бекiтiлген жиынтық актiлерi бойынша, оларда көрсетiлген көлемдер мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне нормативтер негiзiнде тиесiлi бюджеттiк ақшаның көлемiн айқындайды және облыс бойынша белгiленген квоталар шегiнде асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидияларды төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомостi жасайды. Департамент (Басқарма) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына (бұдан әрi - Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органы) мынадай құжаттарды: осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сату және субсидиялар төлеу туралы бiрiктірiлген жиынтық ведомостi; ақы төлеуге шотты ұсыну жолымен қаржыландыру жоспарына сәйкес тиiстi асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң ағымдағы шотына тиесiлi субсидияларды аударуды жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды бұқалары мен тұқымдық қошқарларын, жабдықтарды, техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдыққошқарларды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 9
9. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджеттiк ақшаны қаржыландыру жоспарына сәйкес малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 10
10. Малды асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он күн iшiнде тексередi және асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Малды асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен беру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 11
11. Малды асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған бюджеттiк ақшаны малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 12
12. Асыл тұқымды мал зауытына жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) жабдықтар мен техниканы Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша сатып алуға арналған шарттарды бiр данадан ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) жасалған шарттарды он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына бюджеттiк ақшаны аударады. Асыл тұқымды мал зауыты жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен беру актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 13
13. Асып тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
Тармақша 1
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
Тармақша 2
2) департамент (басқарма) ұсынылған есептемелердi он күнтiзбелiк күн iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға бюджеттiк ақшаны асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
Тармақ 14
14. Департамент (Басқарма) Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органына осы Ереженiң 8, 9, 10, 11, 12, 13-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшiн ақы төлеу шотын ұсынады.
Тармақ 15
15. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттерге мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) департаменттер (басқармалар) осы ережелер жарияланғаннан кейiн бiр ай iшiнде 2000 жылғы 1 қаңтардан кейiн аттестатталған және 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн мәртебесiн жоғалтпаған асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң тiзбесiн бекiтедi. Асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң бекiтiлген тiзбесi облыстардың салық комитеттерiне ұсынылады;
Тармақша 2
2) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi және тиiстi салық органдары бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң салыстыру актiлерiн жасайды. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жергiлiктi салық органдарының асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiмен салыстыру актiлерiнiң тiзiлiмдерiн бекiтедi;
Тармақша 3
3) облыстардың салық комитеттерi департаменттермен (басқармалармен) бiрлесіп, осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттер, салық түрлерi мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмақылар мен айыппұлдар бөлiнiсiнде мерзiмi ұзартылған салық берешегiнiң сомасын көрсете отырып, үш данада жиынтық салыстыру актiсiн жасайды және оған қол қояды;
Тармақша 4
4) облыстардың салық комитеттерi департаменттерге (басқармаларға) асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерiнiң және ақы төлеуге шотты толтыру үшiн қажеттi көрсетiлген субъектiлердi тiркеу есебiнiң жерi бойынша тиiстi салық органдарының деректемелерiн бередi;
Тармақша 5
5) департаменттер (басқармалар) Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектiлерi үшiн мерзiмi ұзартылған салық берешегiн өтеуге жиынтық салыстыру актiсiнiң бiр данасы мен ақы төлеуге шотты ұсынады.
Тармақ 16
16. Департаменттер {басқармалар) ай сайын 10-күнiне, бiрақ 2006 жылғы 10 желтоқсаннан кешiктiрмей, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатуға және субсидияларды төлеуге арналған бiрiктiрiлген жиынтық ведомостердің көшiрмелерiн, бюджеттiк бағдарламаны iске асыру туралы есептi Министрлiкке ұсынады, сондай-ақ субсидияларды төлеуге ұсынылған құжаттардың растығы үшiн жауапты болады.
Басқа 48. Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне арналған субсидиялардың нормативтері
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 1-қосымша Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне арналған субсидиялардың нормативтері 1. Сатылатын асыл тұқымды төлдерге арналған субсидиялардың нормативтері Мал мен құ­стың түр­ле­рі мен тұқым­да­ры Са­ты­ла­тын 1 кг ті­рі сал­м­ақ­қа ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар­дың нор­ма­тив­те­рі, тең­ге (құ­ны­ның 50% дей­ін) Шы­ғыс ай­ма­ғы Ба­тыс ай­ма­ғы Сол­тү­стік және Ор­та­лық ай­мақ­та­ры Оң­тү­стік ай­ма­ғы Асыл тұ- қым- ды мал зау- ыт- та- ры Мал- ды ас- ыл- дан- ды- ру- шы ша- руа- шы- лық- тар Асыл тұ- қым- ды мал зау- ыт- та- ры Мал- ды ас- ыл- дан- ды- ру- шы ша- руа- шы- лық- тар Асыл тұ- қым- ды мал зау- ыт- та­ры Мал- ды ас- ыл- дан- ды- ру- шы ша- руа- шы- лық- тар Асыл тұ- қым- ды мал зау- ыт- та­ры Мал- ды ас- ыл- дан- ды- ру- шы ша- руа- шы- лық- тар Ірі қа­ра мал: сүт­ті ба­ғыт­та­ғы 92 84 90 82 94 83 88 80 оның ішін­де гол­ш­ти­но-фриз сиы­ры 95 87 95 87 95 87 95 87 ет­ті ба­ғыт­та­ғы: 90 82 88 80 93 85 86 78 оның ішін­де ге­ре­форд сиы­ры 83 75 88 80 Қой­лар: би­я­зы жүн­ді ба­ғыт­та­ғы 95 87 93 85 98 90 92 84 жар­ты­лай би­я­зы жүн­ді ба­ғыт­та­ғы 95 87 93 85 98 90 92 84 жар­ты­лай ұяң жүн­ді ба­ғыт­та­ғы 93 85 91 83 91 83 ет­ті-май­лы ба­ғыт­та­ғы: оның ішін­де: Еділ­бай қойы 91 83 93 85 90 82 Қа­з­ақ­тың қы­л­шық жүн­ді құй­рық­ты қойы 92 84 90 82 92 84 88 80 Аты­рау ел­ті­рі­лік құй­рық­ты қойы 90 82 қа­ра­көл қойы 85 78 83 76 Шош­қа­лар 120 100 120 100 120 100 120 100 Жыл­қы­лар: спорт­тық ба­ғыт­та­ғы 330 300 330 300 280 250 өнім­дік ба­ғыт­та­ғы 92 84 93 85 94 86 89 81 Түй­е­лер 84 77 83 75 Бұ­ғы­лар 135 120 Ма­рал­дар 135 120 Түйе құ­стар 550 2. Тұқымдық бұқалар ұрығының бір дозасына субсидиялар нормативі Асыл тұқым­ды өнім­нің тү­рі Ұрық­тың 1 до­за­сы­на ар­нал­ған суб­си­дия нор­ма­ти­ві, тең­ге (құ­ны­ның 50 % дей­ін) Тұқым­дық бұ­қа­лар­дың ұры­ғы 160 3. Сатылған асыл тұқымды бір жұмыртқаға арналған субсидиялар нормативтері Асыл тұқым­ды өнім­нің тү­рі Асыл тұқым­ды жұ­мыр­тқа­ның 1 да­на­сы­на ар­нал­ған суб­си­ди­я­лар нор­ма­тив­те­рі, тең­ге (құ­ны­ның 50 % дей­ін) Асыл тұқым­ды мал за­уыт­та­ры Асыл тұқым­ды ша­ру­а­шы­лық­тар Та­уық (жұ­мырт­қа­ла­ғыш) жұ­мырт­қа­сы 20 18 Та­уық (ет­тік) жұ­мырт­қа­сы 45 40 Үй­рек жұ­мырт­қа­сы 24 20 Күр­ке­та­уық жұ­мырт­қа­сы 70 60 Қаз жұ­мырт­қа­сы 70 60 4. Малды асылдандыру ісі үшін сатып алынатын жабдықтар мен техниканың құның толық өтеу. 5. Малды асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу, ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу. 6. Малды асылдандырушы шаруашылық үшін асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеу. 7. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
Басқа 49. біріктірілген жиынтық ведомосі
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 2-қосымша "Бекітемін" Облыс ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы __________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 2006 жылғы "__"_________ ____________облысы бойынша 2006 жылғы________________ай үшін асыл тұқымды енімнің (материалдың) ____________________________________________________________________ (асыл тұқымды төлдер, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа - қажеттісі қалдырылсын) сатылуы және субсидиялар төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомосі Ата­уы Жыл­дық кво­та Са­тыл- ған асыл тұ- қым­ды өнім- нің (ма­те- ри­ал- дың) 1 бір- лі­гі (кг т/с, до­за, да­на) үшін суб­си- дия- лар нор­ма- ти­ві, тең­ге Асыл тұқым­ды өнім­нің (ма­те- ри­ал­дың) асыл- дан­ды­ру мақ­са­ты­на нақ­ты са- ты­л­ға­ны (кг т/с, до­за, да­на) Жыл ба­сы- нан бе­рі суб- си­ди- яның тие- сі­лі со- ма­сы, тең­ге Жыл ба- сы- нан бе­рі тө- лен- ге- ні, тең- ге Суб­си- дия- ның тие- сі­лі со­ма- сы­ның қал- ды­ғы, тең­ге Тө­ле- ну­ге ти­іс- ті­сі, тең­ге ау- дан- ның асыл тұ- қым- ды өні- мді (ма- те- ри- ал- ды) са- ту- шы- ның (кг, до- за, да- на) тең- ге жыл ба- сы- нан бе­рі есеп- -ті ай- дың ішін- де 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 *Сатылған асыл тұқымды өнімнің (материалдың) әрбір түріне жеке жасалады Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы          _______________________                                                (Т.А.Ә., қолы) Бас бухгалтері                             _______________________                                                (Т.А.Ә., қолы)
Басқа 50. Салық органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегін өтеу бойынша есеп айырысуларға қатысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерімен салыстыру актілерінің
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 3-қосымша "Бекітемін" 2006 жылғы "__"_______________ ______________________________ (аумақтық салық органының басшысы) Салық органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегін өтеу бойынша есеп айырысуларға қатысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерімен салыстыру актілерінің тізілімі                                                              теңге Бюд­жет кі­ріс- те­рі сы­нып- та­ма- сы­ның ко­ды Са­лық- тың (тө- лем- нің) ата­уы Са­лық тө­леу- ші­нің (асыл тұқым­ды мал ша­руа- шы­лы­ғы субъ­ек- ті­сі­нің) ата­уы, СТН-і ор­на- лас­қан же­рі, са­лық ор­га­ны- ның ата­уы, СТН-і Са­лыс- ты­ру ак­ті- сіне қол қой­ыл- ған кү­ні Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар- лы­ғы не- гіз­гі тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл 1 2 3 4 5 6 7 8 кестенің жалғасы Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар­лы­ғы бар­лы­ғы не- гіз­гі тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл бар- лы­ғы (5+9 ба­ған) негі­зі тө­лем (6+10 ба­ған) өсім- пұл (7+11 ба­ған) ай­ып­пұл (8+12 ба­ған) 9 10 11 12 13 14 15 16 Сомасы жазумен______теңге, оның ішінде республикалық бюджетке____________________________________теңге,__________ бюджетке___________теңге,______________ ________________теңге. Аумақтық салық органы тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы_________  ____________ М.О.                                         (қолы)      (Т.А.Ә.) Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2006 жылға арналған қаражатты пайдалану ережесіне 4-қосымша Салық комитетінің 200__жылғы "__" ______жағдай бойынша республикалық және жергілікті бюджеттерге мерзімі ұзартылған салық берешегін өтеу жөніндегі __________________________________________________ мен (республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы) жиынтық салыстыру актісі теңге Бюд­жет кі­ріс- те­рі сы­нып- та­ма- сы­ның ко­ды Са­лық­тың (төлем­нің) ата­уы Са­лық тө­ле­у­ші­нің (асыл тұқым­ды мал ша­ру­а­шы­лы­ғы субъ­ек­ті­сі­нің) ата­уы, СТН-і, ор­на­лас­қан же­рі, са­лық ор­га­ны­ның ата­уы, СТН-і Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар- лы­ғы негіз- гі тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл 1 2 3 4 5 6 7 кестенің жалғасы Өте­у­ге ұй­ға­ры­ла­тын со­ма жер­гі­лік­ті бюд­жет­тен тү­се­тін са­лық­тар бой­ын­ша бар­лы­ғы бар­лы­ғы негіз­гі тө­лем өсім- пұл ай­ып- пұл бар­лы­ғы (4+8 ба­ған) негіз­гі тө­лем (5+9 ба­ған) өсім­пұл (6+10 ба­ған) ай­ып­пұл (7+11 ба­ған) 8 9 10 11 12 13 14 15 Жиыны: Берешекті республикалық бюджеттен өтеуге ұйғарылатын сома _______________________________________________________теңге. Салыстыру актісінің жасалған күні 2006 ж. "__"__________ Облыс салық комитетінің басшысы   Ауыл шаруашылығы департаментінің                                   басшысы _______________________________   ________________________________          (Т.А.Ә., қолы)                   (Т.А.Ә., қолы) М.О.                              М.О.