Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов республиканского бюджета на 2006 год, выделяемых областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на образование Қолданыста
Басқа 0
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңының 20-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бiлiм беруге бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердiң бекiтiлген сомасын аударуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
Тармақша 1
1) ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасын уақтылы және мақсатты пайдалануды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн ағымдағы нысаналы трансферттердiң бөлiнген сомасының пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 7. Бiлiм беруге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 наурыздағы
N 167 қаулысымен
бекiтiлген
Бiлiм беруге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiң ағымдағы нысаналы трансферттерiн пайдалану ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi мынадай республикалық бюджеттiк бағдарламалар бойынша пайдалану тәртiбiн айқындайды:
015 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";
026 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне арнайы (түзету) бiлiм беру ұйымдарын арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарымен қамтамасыз етуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
028 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң бiрүлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге берiлген ағымдағы нысаналы трансферттер";
029 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жаңадан пайдалануға берiлетiн бiлiм беру объектiлерiн ұстауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
033 "Облыстық бюджеттерге балалардың тамақтану, өмiр сүру және тест пункттерiне жеткiзiлуiн ұйымдастыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
034 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердi Интернетке қосуға және трафигiне ақы төлеуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
035 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға және жеткiзуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
036 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
037 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бастауыш кәсiби бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
038 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының педагог қызметкерлерiн қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";
039 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыстық (қалалық) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер".
Тармақ 2
2. Ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi 2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарында бекiтiлген сандық көрсеткiштерге сәйкес:
Тармақша 1
1) техникалық ерекшелiктерiн көрсете отырып, арнаулы техникалық және орнын толтыру құралдарының;
Тармақша 2
2) оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердiң;
Тармақша 3
3) бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
Тармақша 4
4) облыстық (қалалық) педагог кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған жабдықтардың;
Тармақша 5
5) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзу пункттерiнiң;
Тармақша 6
6) педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау курстары тақырыптарының тiзбесiн айқындайды.
Тармақ 4
4. Лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарын мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарды бiрыңғай ұйымдастырушы болып Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi танылады.
Тармақ 5
5. Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары), аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бiлiм бөлiмдерi лингафондық және мультимедиалық кабинеттердiң, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының соңғы алушыларын заңнамада белгiленген тәртiппен және мерзiмде анықтайды және оларды пайдалану мониторингiн жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм департаменттерi (басқармалары) әрбiр тоқсан сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiлеген нысан бойынша лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi, физика, химия, биология кабинеттерінің оқу жабдықтарының мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың жасалуы және орындалуы туралы есептердi ұсынады.
Тармақ 7
7. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оның iшiнде жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелердiң, кiтапхана қорларын жаңарту үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуға, ұлттық бiрыңғай тестiлеудi жүргiзуге, педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға, лингафондық және мультимедиалық кабинеттердi құруға, физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады;
Тармақша 2
2) үлгiлiк штаттарға сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын жинақтауға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктердiң бiлiм беру ұйымдарын жете жинақтау туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
Тармақша 3
3) интернет желiсiне қосуға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктердiң Интернет желiсiне қосуға жататын мектептердiң тiзбесiн бекiту туралы қаулыларының негiзiнде жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) жаңадан iске қосылған бiлiм беру объектiлерiн ұстауға бөлiнген ағымдағы нысаналы трансферттер әкiмдiктiң қаулысымен бекiтiлген пайдалануға берiлген бiлiм беру объектiлерiн iске қосу кестесiне сәйкес жүзеге асырылады.
Ағымдағы нысаналы трансферттер күрделi сипаттағы шығыстарды қоспағанда, жаңадан iске қосылған бiлiм беру объектiлерiн ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға бөлiнедi.