О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
Еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу үшін мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша қимылды басқару және үйлестіру үшін облыстық су тасқынына қарсы штаб құрылсын (1- қосымша).
Тармақ 2
2. Ақмола облысының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Аудан мен қалалардың әкімдіктері ведомствоға қарасты аумақтарда су тасқынына қарсы штабтар құрсын, су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардаптарын жою бойынша қимыл жасау жоспарын әзірлесін, құтқару және басқа кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге қажетті күштер мен құралдарды анықтасын, штаб мүшелері мен жауапты тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік етуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері, облыстық дайындыққа жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды ескерту және оның салдарын жою жөніндегі басқарма (Жолдаспаев Б.Ж.), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (В.В. Пранге) (келісім бойынша), Есіл бассейндік су шаруашылығы басқармасы (Ашенов Ғ.Ә.) (келісім бойынша), «Астана-Су» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (Петрищев В.Н.) (келісім бойынша), «Северводстрой» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (Сейітов Ә.М.) (келісім бойынша), облыстық ауыл шаруашылық департаменті (Сейітжанов А.С.), облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы (Мырзахметов Б.К.), Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің облыстық басқармасы (Долгих Г.В.) (келісім бойынша), және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын су жібергіш имараттарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) бөгендерді, бөгетшелерді, бөгеттерді және тоғандар-жинағыштарды дайындасын, тазарту имараттарының ақаба судың сүзілуін, каналиация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) облыстың барлық шаруашылық саласының және халықтың қалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбалар дайындасын (анықтасын);
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жүмылдыратын күшті-және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, апаттан-құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) су басу және су жайылған жағдайда бұқаралық ақпарат кұралдары және орталықтандырылған хабарландырудың техникалық құралдары арқылы халықтың іс-қимыл жасауы бойынша шаралар кешенін ұйымдастырсын және өткізсін;
Тармақша 7
7) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын күштер мен құралдардың қимылын және зардап шеккен халықты қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық құралдар мен жанар-жағар май материалдарының қажетті резерві жасалсын;
Тармақша 8
8) көктемде қауіп және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қимыл жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақтар мен жаттығулар өткізсін;
Тармақша 9
9) өткен жылдардағы су тасқынына талдау жүргізсін және су басқан (жайылған) аймақтарда орналасқан елді мекендерді, қиратуға және шайылуға ұшыраған автомобиль мен темір жолдарды, тасқын су жайылған жер телімдерін, байланыс және электр тарататын желілерін, бөгешіндерді, сужібергіш имараттарды, халықты және ауыл шаруашылық жануарларын көшірген орындар мен маршруттарын анықтасын.
Тармақ 5
5. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің бастықтары, басқармалардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес облыстық су тасқынына қарсы штабтың және Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментінің басшылығына жүргізілген дайындық жұмыстарының нәтижесі туралы 10 наурызға дейін, ал дайындық шараларының аяқталғаны туралы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (В.В.Прангеге) 10 сәуірге дейін облыс әкімінің аппаратына осы қаулының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің 2005 жылғы 3 наурыздағы № а-4/66 «2005 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» өкімнің күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары облыстық су тасқынына қарсы штабтың бастығы Ю.Г. Отаровқа жүктелсін.
Басқа 19. Штаб мүшелері
Ақмола облысы әкімдігінің
22.02.2006 жылғы № а-2/69
қаулысына қосымша
Облыстық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Отаров Қадырхан Махмұдұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары - штаб бастығы
Пранге Вадим Владимирович - Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы - штаб бастығының орынбасары
Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы - Ақмола облысы дайындыққа жұмылдыру, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды ескерту және оның салдарын жою жөніндегі басқармасының бастығы – штаб бастығының орынбасары
Штаб мүшелері
Ахмедъянов Хали Харитұлы - «Техносервис» жолдастық шек қойылғанмен жауаптылы БВР директоры (келісім бойынша)
Әлиев Жанабай Ракышұлы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры
Митрофанов Анатолий Филиппович - Ақмола облысы сәулет, қала құрылысы департаментінің директоры
Әшенов Ғазиз Әбуұлы - Есіл бассейндік су шаруашылығы басқармасының бастығы
Байғожин Арон Серікұлы - облыстық суда-құтқару қызметінің бастығы
Грязнов Юрий Васильевич - «Авиакомпания Көкшетау» ААҚ президенті (келісім бойынша)
Ысқаков Зейнелғаби Ысқақұлы – Ақмола облысының төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік қадағалау және бақылау бойынша басқарма бастығы
Жақышев Сәрсенғали Төлеуханұлы - Ақмола облыстық қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Долгих Геннадий Васильевич - көлік инфрақұрылымын дамыту Комитеті облыстық басқармасының бастығы
Еремеев Александр Максимович - Ақмола облысы мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры
Әлмағанбетов Қанат Есмұқанұлы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ филиалының Ақмола тасымалдау бөлімшесінің директоры (келісім бойынша)
Қабденов Мұрат Талапұлы - Ақмола облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары
Құлышов Бегалы Шорманұлы - Ақмола облысының «Қазақавтожол» РМК филиалының директоры (келісім бойынша)
Қынышбаев Бақыт Нұрахметұлы - Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы
Мырзахметов Болат Кәмәлиұлы - Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы
Новиков Олег Анатольевич - «АРЭК» ЖАҚ басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Петрищев Валерий Николаевич - «Астана-Су» РМК директоры (келісім бойынша)
Сейітов Әнуар Мағзұмұлы - «Северводстрой» РМК директоры (келісім бойынша)
Савицкий Дмитрий Емельянович - Ақмола облыстық қаржы департаментінің директоры
Токенов Бейбіт Ұзақұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау департаменті директорының міндетін атқарушы
Сексенбаев Жаркен Кәкімұлы - Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры (келісім бойынша)
Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - Ақмола облысы ауыл шаруашылық департаментінің директоры
Батаев Берік Әділгерейұлы - Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры
Басқа 20
Ақмола облысы әкімдігінің
2006 жылғы 22 ақпандағы
№ а-2/69 қаулысына
2 қосымша
Ақмола облысының аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
Рет
саны
Шаралар атауы
Орындау
мерзімі
Орындаушылар
1
Қалаларда, аудандарда су тасқынына қарсы штабтар құру, тұрғын үйлерді, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупінің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолдану, облыс халқының және объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдайларды камтамасыз ету
03.03.06 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері - АҚ бастықтары, АҚ және ТЖ қызметтерінің бастықтары
2
Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кету және астында қалудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарын әзірлеу.
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар құрамалары, авариядан-құтқару қызметтер құралдары мен күштерін, облыстық, қалалық және, аудандық жедел әрекет отрядтарын дайындыққа келтіру, оларды жеке құраммен, керекті техникамен, құрал-сайманмен және мүлікпен, жедел радиобайланысы құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз ету
03.03.06 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері - АҚ бастықтары, АҚ және ТЖ қызметінің бастықтары, шаруашылық объектілерінің басшылары, облыстық ТЖ жөніндегі департаменті, дайындыққа жұмылдыру, АҚ, апаттың, дүлей апаттың алдын алу және жою бойынша басқарма
3
Жер жұмысы үшін қажетті техникаларды дайындау және республикалық және жергілікті автомобиль жолдарында инертті материалдарды дайындауды жүргізу. Жанар-жағар май материалдарының қорын жасау.
Су тасқыны кезеңінде жол техникаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу.
Көктемгі кезеңде жолдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар және көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу. Осы жағдайда авариялық су жинау алабын және айналма жолдарды жайластыруды ескеру.
Автожолдарының ең қауіпті учаскелеріне қосымша жол ескертпе белгілерін қою және ол жөнінде облыстық су тасқынына қарсы штабтың және облыстық ТЖ жөніндегі Департаментінің, дайындыққа жұмылдыру, АҚ, апатты, дүлей апаттың алдын алу және жою бойынша басқарма басшылығына хабарлау
Су тасқынының барлық кезеңінде
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің облыстық басқармасы, «Қазақавтодор» РМК-ның Ақмола облыстық филиалы
4
Бөгетшілер мен бөгеттерде уақытша қорғаныс құралдарын тұрғызу бойынша шұғыл шараларды ұйымдастыру үшін жанар-жағар май материалдарының және басқа қажетті материалдық-техникалық құралдарының (ағаш, тас, қиыршық тас, құм, цемент, қапшық ыдысы) қорын жасау
Қалалар мен аудандардың әкімдері - АҚ бастықтары
5
Жолдың жамылғы түрлеріне байланысты облыстың автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысын шектеу.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, облыстық Ішкі істер департаменті жол полициясының басқармасы
6
Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отыру, төтенше жағдайлар туындап қауіп туғызған кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату туралы шешім қабылдау.
Облыстық ТЖЖ департаменті, дайындыққа жұмылдыру, АҚ, апаттың, дүлей апаттың алдын алу және жою бойынша басқарма, облыстық Ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы
7
Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және төтенше жағдайлар аумағынан көшіру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлерді дайындау
21.03.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері - АҚ бастықтары, облыстық судан құтқару қызметі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
8
Жарылғыш материалдардың және жарғыш құралдардың қорын жасау. Жарғыштардың ұтқыр топтарын дайындау. Жару жұмыстары жүргізілетін жерлердегі шаруашылық басшыларымен шарт жасау. Облыс кәсіпорындарының, ұйымдарының және шаруашылықтарының өтінімдері бойынша мұз көшкіні кезеңінде өзендерде жару жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
21.03.06 ж. дейін
«Техносервис» БВМ ЖШС
9
Теміржол имараттарының, дренаж құрылғысының жағдайын тексеру.
Теміржолдардағы, көлік жолдарындағы қарды, мұзды тазалау, су өткізетін тетіктерді тазарту (көпір және жүріп өту көпірлері, ирригациялық құрылыстар) жүргізу. Қажетті салғырт материалдар қорын жасау. Су тасқыны кезеңінде қауіпті участоктарда кезекшілік ұйымдастыру.
01.04.06 ж. дейін
«Қазақстан темір жолы» ЖАҚ АҚ Ақмола тасымалдау бөлімшесі (келісім бойынша)
10
Ауыл шаруашылық малдары үшін жем-шөп қорын әзірлеу. Алдын алу шараларын өткізу және астық қоймаларындағы жемдік астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтауды қамтамасыз ету. Мал қораларында және қоймаларда, астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізуді дер кезінде қамтамасыз ету
01.04.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері - АҚ бастықтары, облыстық ауыл шаруашылық департаменті астық қабылдау кәсіпорындарының басшылары
11
Астана, Сілеті, Шағалалы су қоймаларының, Преображенск гидроторабының, бөгеттердің және бөгетшілердің техникалық жағдайларын мұқият тексеруден өткізу.
Олардың көктемгі суды өткізу тетіктерінің даярлығы мен дайындық дәрежесін анықтау.
Бөгеттердің беріктігін күшейту үшін жөндеу-қалпына келтіру, көтергіш механизмдерін жұмыс жағдайына келтіру жұмыстарын жүргізу.
Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында авария бригадаларының автокөлікпен тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру.
Су коймаларын күзетуді мамандандырылған күзетшілер бөлімшелері мен қамтамасыз ету.
Су тораптарын тәулік бойы күзетуді ұйымдастыру. Су қоймаларында су көтерілуі, су түсуі туралы тәулік сайын тіркеу жүргізу және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылығы мен облыстық ТЖ жөніндегі Департаментіне және дайындыққа жұмылдыру, АҚ, ескерту және аварияны, дүлей апатты жою бойынша басқармаға күн сайын ақпарат тапсырып отыру.
01.04.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың тасқын суға қарсы штабтары, «Астана-су» РМК-сы (келісім бойынша), «Северводстрой» РМК (келісім бойынша)
12
Елді мекендермен, әсіресе су басып кететін мекендерді аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектілермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерді байланыс жүйелерін тасқын су басып кетуінен қорғау бойынша шаралар қолдану.
Су тасқыны аумағында қалатын шаруашылықтармен, облыстың негізгі гидрожүйелерімен (Астана, Сілеті, Шағалалы) байланыс жасайтын резерв көздерін қарастыру.
Қауіпті су тасқынының барлық кезеңінде
Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясы (келісім бойынша)
13
Облыстың қалалары мен аудандарына сенімді электр қуатын үзіліссіз және тұрақты беріп тұруды қамтамасыз ету, электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде орналасқан подстанциялардың энергетикалық құралдарын қорғау
Қауіпті су тасқынының барлық кезеңінде
«АРЭК» АҚ,
«Көкшетау-Энерго» ЖШС (келісім бойынша)
14
Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуына бақылауды және жалпы үйлестіруді камтамасыз ету.
Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық- техникалық ресурстарды жұмылдыру.
Облыс тұрғындарына облыстық теледидар, радио және баспасөз арқылы су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда қимыл жасау тәртібі туралы мерзімді хабардар етіп отыру.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Ақмола облыстық ТЖ жөніндегі Департамент, дайындыққа жұмылдыру, АҚ, ескерту және авария дүлей апатты жою бойынша басқарма, облыстық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасы
15
Су астында қалатын аймақтарда барлау жұмысын жүргізу үшін кіші әуе кемелерін дайындау
21.03.06
ж. дейін
«Авиакомпания Көкшетау» ААҚ (келісім бойынша)
16
Су басып кеткен және су тасқынына ұшыраған елді мекендерге қажетті су сорғыш техникаларын, сондай-ақ су астында қалатын халықты шұғыл көшіру үшін жүзу құралдарын дайындау
01.04.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық суда- құтқару қызметі, АҚ және ТЖ кызметтерінің бастықтары
17
Су тасқыны басталғанға дейін өзендердің су режіміне бақылау жасау.
Су қоймаларында, бөгеттерде, өзендерде судың көтерілуіне, түсуіне тәулік сайын тіркеу жүргізу және облыстық су тасқынына қарсы штаб басшылыры мен Ақмола облыстық ТЖ жөніндегі Департаментке дайындыққа жұмылдыру, АҚ, ескерту және аварияны дүлей апатты жою бойынша басқармаға ақпарат беріп отыру.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Астана Су» РМК (келісім бойынша), «Ссверводстрой» РМК, Есіл бассейндік су шаруашылығы басқармасы (келісім бойынша)
18
Су тасқыны кезінде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердегі емдеу мекемелерінде қажетті дәрілердің, медицина мүліктерінің қорын жасауды қамтамасыз ету.
Су тасқыны кезеңінде облыс аумағындағы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту.
Су тасқынының барлық кезеңінде
Облыстық денсаулық сақтау департаменті, Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті
19
Елді мекендерге су тасқыны басталғанға дейін су ағатын орлар мен наушаларды қардан тазарту, қар еріген кезде үнемі суда калатын тұрғын үй секторлары аймағын (әсіресе жеке меншік құрылыстарын) жинау және қарды елді мекендердің шетіне төгу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қауіпсіз жерлерде оны төгетін орынды анықтау
21.03.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері
20
Барлық су объектілеріне егжей-тегжейлі тексеріс жүргізу, шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін мұз, қар тез еріген жағдайда бөгетшелер мен бөгеттердің бұзылу қауіп-қатері деңгейін анықтау
21.03.06 ж. дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері
21
Дамса селосындағы мемлекеттік бөгетті мемлекеттік меншікке беріп кабылдауды тездетсін
03.04.2006 ж. дейін
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Дамса селосындағы тәжірибе шаруашылығы (келісім бойынша), «Астана-Су» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын (келісім бойынша)