Об утверждении инструкции «О социальных выплатах отдельным категориям граждан района в 2006 году» Қолданыста
Басқа 0
«2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы нұсқауды бекіту туралы»
Қазсақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқау бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқау).
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 17 қантардағы «2006 жылы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы» № 14/1 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.В. Ильинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 5. Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Успен ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 14 ақпандағы
«2006 жылы аудан азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтік
төлем туралы» нұсқауды бекіту туралы»
№ 84/2 қаулысымен бекітілді
Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдер туралы нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының 2001 жылғы қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысқандарды, мүгедектерді және оларға теңестірілгендерді әлеуметтік қорғау және женілдіктер туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді сауықтырудың кейбір мәселері туралы» № 754 қаулысына жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша аудан азаматтарының жекелеген санаттарына арналған әлеуметтік төлемдерді төлеудің тәртібін анықтайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 2
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдер алуға мына азаматтардың құқықтары бар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерді мен қатысушылары (бұдан әрі - ҰОС), «ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендер, қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің әйелдері, қайтыс болған ҰОС қатысушылардың әйелдері, ҰОС қаза тапқандардың тұрмысқа шақпаған әйелдері, ауған соғысына қатысқандар, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендер;
Тармақша 2
2) кірісі бекітілген кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындарға емделу үшін;
Тармақша 3
3) аз қамтылған азаматтар; тұрғындардың мақсатты тобына жататындар; жоғары оқу орнын (бұдан әрі - ЖОО) және орта оқу орнын 2005 - 2006 жылдары бітірген жас мамандарға орналасуға және жеке ауланы дамытуға;
Тармақша 4
4) жұмыссыздар санатындағы отбасынан қайтыс болғандарға жерлеу үшін;
Тармақша 5
5) зейнетақысы ең аз көлемнен аспайтын жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер көмір алуға;
Тармақша 6
6) бас бостандығының айыру орындарынан босатылғандар;
Тармақша 7
7) күтпеген тосын жағдайдан күн көріс қаражатынсыз қалған азаматтар;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек бөлімі қызмет жасайтын жалғыз басты мүгедектер;
Тармақша 9
9) Отбасының кірісі бекітілген кедейлік щеңберінен аспайтын аз қастамасыз етілген азаматтар-құжат алу үшін;
Тармақша 10
10) зейнет жасындағы «Ауданның құрметті азаматы» атағы бар азаматтар;
Тармақша 11
11) 2005 – 2006 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери қызметін өтеп келгендер;
Тармақша 12
12) Жетім қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасы аумағында медициналық мекемелерде тексеруден өткен және емделген сырқаттар;
Тармақша 14
14) ҰОС мүгедектерді, қатысушылары дәрі алуға;
Тармақша 15
15) Мүгедек балалар;
Тармақша 16
16) ҰОС мұгедектері мен қатысушыларына электрмен жылыту қондырғысын орнату және үйлерін жөндеу;
Тармақша 17
17) амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруына шалдыққандар-ды тамақтандыруға;
Тармақша 18
18) онкологиялық сырқаттарды химиотерапиядан өту мерзімінде өз деңгейінде тамақтандыру;
Тармақша 19
19) ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына тіс салуға;
Тармақша 20
20) Облыс әкімінің гранты бойынша оқитын студенттердің жол ақысы және жататын Соғысқа қатысушыларды Астана қаласындағы шараларға қатысу үшін.
Тармақша 21
21) ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқандарға, Ауған соғысына қатысқандарға сауықтыру үшін;
Тармақша 22
22) Ауған соғысына қатысқандарға Ауғаныстаннан әскерелерді шығару Күніне;
Тармақша 23
23) ҰОС жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істеген азаматтар;
Тармақша 24
24) ауданның телефон қоюға өте мұқтаж азаматтары;
Тарау 3. 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі
Тармақ 3
3. Осы қағиданың 1 тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер мынадай жолдармен 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24 тармақшаларында көрсетілген санаттағыларға тағайындалады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшері
4. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 4
4. Нұсқаудың 1 тармағында көрсетілеген азаматтар санаттарына әлеуметтік төлем мына түрлер бойынша тағайындалады;
1 тармақтын 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 2006 жылдың 9 мамырында Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек және сыйлықтар алу үшін:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары – 5 000 теңге;
- наградталған тыл еңбеккерлеріне, соғыс жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істегендерге, қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдеріне, қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдеріне, қаза тапқан әскери қызметкерлердің әйелдеріне 1 000 теңге, ауған соғысына қатысқандарға, Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандарға 10 000 теңге, жеңілдік және кепілдік бойынша ҰОС қатысушылармен теңестірілгендерге – 1000 теңге.
Тармақша 2
2) 2 тармақтын 2) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 6 айлық есеп көрсеткішіне дейін материалдық көмек (бұдан әрі - АЕК).
Тармақша 3
3) 2 тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 80 АЕК) дейін материалдық көмек.
Тармақша 4
4) 2 тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 15 жерлеуді өткізгендер үшін АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек.
Тармақша 5
5) 2 тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – көмір алуға 3 АЕК мөлшерінде материалдық көмек.
Тармақша 6
6) 2 тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 3 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек.
Тармақша 7
7) 2 тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 10 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек.
Тармақша 8
8) 2 тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – мүгедектер Күніне 1 қазанда 2 АЕК көоемінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 9
9) 2 тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 0,5 АЕК көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 10
10) 2 тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 5 000 теңге көлемінде бір жолғы ақшалай көмек;
Тармақша 11
11) 2 тармақтың 11) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 3 АЕК мөлшерінде жыл сайын көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 12
12) 2 тармақтың 12) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – қамқоршыларға 1 қыркүйекте 5 000 теңге шамасында бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 13
13) 2 тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – ұсынылған барып-қайту билетінің құны көлеміндегі материалдық көмек;
Тармақша 14
14) 2 тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – ай сайын 1 АЕК мөлшерінде төлем;
Тармақша 15
15) 2 тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – мүгедектер күніне 1 000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық төлем;
Тармақша 16
16) 2 тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 60 000 теңге көлемінде материалдық көмек;
Тармақша 17
17) 2 тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 3 АЕК көлемінде материалдық көмек, немесе ыстық аспен қамтамасыз ету (маргиналды топқа жататындар);
Тармақша 18
18) 2 тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 3 АЕК көлемінде материалдық көмек;
Тармақша 19
19) 2 тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 15 000 теңге көлемінде материалдық көмек;
Тармақша 20
20) 2 тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 5 000 теңге мөлшерінде шәкірт көмек;
Тармақша 21
21) 2 тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 2 АЕК мөлшерінде тоқсан сайын материалдық көмек;
Тармақша 22
22) 2 тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 5 АЕК мөлшерінде материалдық көмек;
Тармақша 23
23) 2 тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 5 000 теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 24
24) 2 тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – телефон орнатуға жұмсалған шығын құжатына сәйкес материалдық көмек.
Тарау 5. 5. Есеп жүргізу және есеп беру
5. Есеп жүргізу және есеп беру
Тармақ 6
5. Әлеуметтік төлем туралы мәселе шешілетін бастапқы құжаттар (хаттама, тексеру актілері, анықтамалар, тізімдер т. б) аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінде үш жыл сақталады.
Тармақ 7
6. Әр айдың 20-сында тұрғындарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөліміне бюджеттік бағдарлама бойынша әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат туралы өтінімдер ұсынады.
Тармақ 7
7. Бөлім аудандық қаржы бөлімі алдында әлеуметтік төлемге арналған қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп береді.