Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета в 2006 году Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылғы әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқауды бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2006 жылы Аудандық бюджеттен қаржыландыратын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем туралы қоса беріліп отырған Нұсқау» (бұдан әрі - Нұсқау) мақұлдансын.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Доскиреев Қ.Б.) бөлінген бюджет қаражатының шектігінде әлеуметтік төлемдер бойынша бағдарламалардың және бағдарламалар бөлімдерінің шарларын мезгілінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 17 желтоқсандағы «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 66/2 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 6. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына төлем тағайындау бойынша Нұсқау
Железин аудан әкімдігінің 2006 жылғы «6» наурыз «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына 2006 жылға әлеуметтік төлем тағайындау туралы Нұсқауды бекіту туралы» № 120/3 қаулысымен бекітілген Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына төлем тағайындау бойынша Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нағыз Нұсқау аудан азаматтарының жекелеген санаттарына төлем тағайындау және жүзеге асыру шарттарын жергілікті өкілдік органның шешімімен Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілетін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларға берілетін жеңілдіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектерді ақтаудың 2003 – 2006 жылға арналған кейбір сұрақтары туралы» № 754 қаулысына, облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 (МТН 2621 2004 жылғы 14 маусым) қаулысына, аудан әкімдігінің 2005 жылғы 10 қазандағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 300/10 қаулысына сәйкес (МТН 12-6-11 2005 жылғы 3 қараша) нақтылайды.
Тарау 2. 2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтар санаттары
2. Жекелеген әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтар санаттары
Тармақ 2
2. Әлеуметтік төлем алуға құқығы барлар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілетін азаматтар (оқшауланған Ленинградтың тұрғындары, концлагерлердің тұтқындары), «Жапониядағы және Германиядағы жеңісі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», 1950 – 1951 жылдары үкіметтің тапсырмаларын орындағаны үшін» медальдарымен марапатталғандар, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінің жұбайлары, жалпы аурудың қайта мүгедек болып танылған. 1941 – 1946 жылдары қаза тапқандардың қайта некеге тұрмаған жесірлері, концлагерлердің, гетто және басқа да мәжбүр ету мазмұнды жерлердің кәмелеттік жасқа толмаған тұтқындары, еркін жалданған құрамдар, тыл еңбеккерлері, «Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін кемінде алты ай жұмыс істегендер;
Тармақша 3
3) Чернобыль АЭС - індегі апат зардабын жоюға қатысқандар;
Тармақша 4
4) Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысқандар;
Тармақша 5
5) «Құрметті азамат» атағы бар азаматтары;
Тармақша 6
6) Мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалар мен үйде оқытылатын мүгедек балалар;
Тармақша 7
7) Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқып жүрген аз қамтамсыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектері;
Тармақша 8
8) Өрттің және басқа да ойламаған жағдайлардың салдарынан тіршілік ету құралдарсыз қалғандар;
Тармақша 9
9) Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамақтануы үшін өтемақы;
Тармақша 10
10) Көру бойынша 1,2 топ мүгедегі санаторлық – курортық емделуге шығарып салушы азаматтар.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жағдайлары
3. Әлеуметтік жәрдемақы тағайындау жағдайлары
Тармақ 3
3. Нағыз нұсқаудың 2 - тармағының 2 - бөлімінде көрсетілген азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындалады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес 1995 жылдан бастап күшіне енген «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері және оларға теңестірілетін азаматтарға жеңілдіктер және оларды қорғау туралы» Заңының 2 тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшасында және 007000332 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімімен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» бюджеттік бағдарламасында көрсетілген санаттар үшін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 2 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген санаттары үшін;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 тармағының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;
Тармақша 4
4) Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 14 маусымдағы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы» № 169/5 қаулысында көрсетілген санаттар үшін.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік төлем мөлшері
4. Әлеуметтік төлем мөлшері
Тармақ 4
4. Нұсқаудың 2 - бөлімінің 2 – тармағында көрсетілген азаматтар санттары үшін әлеуметтік төлемдер мына түрлер бойынша тағайындалады:
Тармақша 1
1) 2 – тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 9 Мамыр Жеңіс күніне бір жолғы материалдық көмек ретінде 10000 теңге мөлшерінде; дәрі – дәрмек алу үшін ай сайынғы өтемақы 1 АЕК (айлық есептеу көрсеткіші) мөлшерінде; үйлерді телефондау, тоқсанына 1 рет облыс орталығына бару жолын деректі құны бойынша өтеу; Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне кезеңдік басылымдарға жазылуына деректі құны бойынша (екі басылымға); 7 ай мерзіміне жылу өтеу (пештік, электрлік жылу, орталық жылу) ай сайын 3000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 2 – тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 9 Мамыр Жеңіс күніне орай 5000 теңге мөлшерінде бір жолғы берілетін материалдық көмек;
Тармақша 3
3) 2 – тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – коммуналды қызмет үшін 5800 теңге мөлшерінде ақшалай көмек;
Тармақша 4
4) 2 – тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – 5000 теңге және үйде оқытылатын балалар үшін 6 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
Тармақша 5
5) 2 – тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – облыстың жоғары оқу орындарында оқуы үшін деректі құны бойынша төлем; тұруы; тамақтануы және тұратын жеріне жетуі үшін ай сайын 5000 теңге;
Тармақша 6
6) 2 – тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – өрттің және басқа да ойламаған жағдайлардың салдарынан жағдайларда бір жолғы материалдық көмек 10 ТЕК мөлшерінде;
Тармақша 7
7) 2 – тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тамағы үшін жыл ағымында күніне 63 теңге;
Тармақша 8
8) 2 – тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін – көру бойынша 1, 2 топ мүгедегі санаторлық – курортық емделуге шығарып салушы азаматтардың деректі шығындары бойынша растайтын құжаттар негізінде.