Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест в Аршалынском районе на 2006 год Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының №148-2 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының №149-2 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыу және қаржыландыру ержелерін бекіту.
Тармақ 2
2. 2006 жылғы жұмыспен қамту және бағдармалар бөлімі ұйымдарда және кәсіпорындарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарға жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарды құратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарға жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбек ақысы жұмыс берушінің шығынының бір бөлігі өтеліп, жергілікті бюджеттен төленсен.
Тармақ 5
5. Қаржы бөлімі 2006 жылғы аймақтың әлеуметтік даму орташа шұғыл жоспарының көрсеткіштеріне сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуының бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Алексей Алексеевич Кармановқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Аршалы ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 8
БЕКІТІЛГЕН Аршалы ауданы әкімдігінің «Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» № 9 2006 ж. «26» 01 Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аршалы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру осы Ережелер (бұдан былай Ережелер) халықтың мақсатты тобының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жене қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын заңды тұлғалармен меншік түрінен тәуелсіз немесе жеке кәсіпкерлермен жасалатын негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Ережелердің жұмыс істеуінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының 2001 жылдың «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орыны- мақсатты топтағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісімі арқылы ұсынылатын жұмыс орыны. Бұл орынға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығысының белгілі бір бөлігі жергілікті бюджет есебінен өтеледі;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселері бойынша өкілетті орган - жергілікті атқару органдарының аймақтық деңгейде халықты жұмыспен қамтумға жәрдемдесетін және жұмыссыздықтан әлеуметтік жағынан қорғайтын құрылымдық бөлімше;
Тармақша 3
3) мақсатты топтар -Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындықтарға душар болған және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы.
Тармақ 4
4. Әлуметтік жұмыс орындарға орналастырылған азаматтарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамассыз ету жене сақтандыру туралы заңдары тарайды.
Тармақ 5
5. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган мақсатты топтағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін жергілікті бюджет өтей отырып, анықтайды немесе құрады.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган) жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру және еңбекақы шағысының бір бөлігін өтеу туралы шарт жасайды.
Тармақ 8
8. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан әкімдігі халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орынын ұсынатын немесе ұйымдастыратын ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 9
9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру келісім бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Мақсатты топқа кіретін аз қамтамассыз етілген жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орынға орналасудың басым құқына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақыларын төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалған жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
Тармақ 12
12. Жұмыссыздардың еңбекақыларын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнына нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтарға жергілікті бюджет есебінен төленетін еңбекақыға заңда қарастырылған тәртіп бойынша салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушінің еңбекақы төлеу үшін шыққан шығысы жергілікті бюджеттен алты айдан кем емес мерзімде, еңбекақаның ең аз мөлшерінің 50 пайызы көлемінде, бюджетте жұмыспен қамту бағдарламасында қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады. Бюджеттік қаржы жұмыс берушінің жеке идентификациялық кодына аударылады.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақыларын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзім өткеннен кейін (жұмыс берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындағы жұмысшының еңбекақысын төлеу жұмыс берушінің есебінен жүргізіледі және бюджеттен өтелмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің орындалуына бақылау жасау
Тармақ 17
17. Ережелердің сақталуына бақылауды жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті орган жүргізеді.
Басқа 33
Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы № 9 қаулысына қосымша Аршалы ауданында 2006 жылға жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесін бекіту туралы 2006 жылда аймақта әлеуметті жұмыс орындарын жасау бойынша кәсіпорындардың тізімі Кәсіпорындардың атауы Мамандықтар Құрылған элеуметтік жұмыс орындардың саны Келісілген келісімдер бойыша түзілген келісімшарт сомасы АҚ Қазшпал Қалыпшы -18 Арматуршы -9 Жүк тиеуші-1 Вахтер-1 Электрші-1 Аспазшы -1 31 855,6 АҚ Ново-Владимир Малдарды күтетн жұмысшы-2 2 55,2 ЖШС Поиск Малдарды күтетін жұмысшы-3 Бөлмелерді тазалаушы -2 Күзетші-2 7 193,2 Барлыға 40 1104,0