Об организации социальных рабочих мест в Аулиекольском районе в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
Әулиекөл ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін жұмыс берушілердің ұсынған тапсырысына келісе отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 4 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына, 5, 7, 18-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына және әкімдіктің 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 13 «Әулиекөл ауданында 2006 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» (тіркеу № 9-7-26) қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әулиекөл ауданы тұрғындарының нысаналы топтары үшін 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындары белгіленсін «Москалев» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 6 адам, «Чернигов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне - 5 адам, «Сұлукөл асыл тұқым зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен - 4 адам, Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынан - 4 адам.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру ең төменгі еңбекақы мөлшерінен елу пайыз аудандық бюджет қаражаты есебінен, ал бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім мекемелерінің түлектері үшін жұмыс жалғасы алты ай шегінен аспаса ең төменгі еңбекақы мөлшерінде.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілердің әлеуметтік салық төлем, әлеуметтік Мемлекеттік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген еңбекақы мөлшерін тағайындау және төлеу бойынша банк қызметі үшін комиссиалық сыйақы төлеу шығыны аудандық бюджет қаражаты есебінен жұмыс берушілердің есепшотына аударылады.
Тармақ 4
4. Әулиекөл ауданының әкімдігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 126 «Әулиекөл ауданында 2005 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы» (тіркеу № 3426, «Әулиекөл» газетінде 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 18 жарияланған), 2005 жылғы 23 қарашадағы № 373 «Әулиекөл ауданында 2005 жылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (тіркеу № 9-7-23, «Әулиекөл» газетінде 2005 жылғы 15 желтоқсандағы № 51 жарияланған) және 2005 жылғы 26 мамырдағы № 201 «Әулиекөл ауданында 2005 жылы бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім мекемелерінің түлектері үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» (тіркеу № 9-7-10, «Әулиекөл» газетінде 2005 жылғы 24 маусымдағы № 26 жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы аудандық «Әулиекөл» газетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.