Об определении Перечня целевых групп населения в Житикаринском районе на 2006 год Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтың мақсатты топтарының Тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 2) тармақшасы 7 бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 13) тармақшасы 1 тармағы 31 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2006 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтын мақсатты топтарының Тізбесі белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. «Жітіқара ауданыңың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсатты топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар карастырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. «Халықтың мақсатты топтарының Тізбесін бекіту туралы» (2005 жылғы 24 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3401, 2005 жылғы 6 сәуірде «Авангард» газетінде жарияланған) 2005 жылғы 4 наурыздағы № 125 әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Басқа 5. Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2006 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтын мақсатты топтарының Тізбесі
2006 жылғы 6 наурыздағы № 199 әкімдік қаулысына қосымша Жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2006 жылға арналған Жітіқара ауданындағы халықтын мақсатты топтарының Тізбесі
Тармақ 1
1. Тұрмысы төмен азаматтар.
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. 23 жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері және ата - ананың қамқорлығысыз қалған балалар мен жетім балалар.
Тармақ 4
4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғыз басты көп балалы ата- аналар.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленгендей тәртіпте бақылауды немесе көмекті, тұрақты күтімді қажет етеді деп танылған азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік алды жасындағылар (жасы бойынша зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғандар).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарынан босатылғандар.
Тармақ 9
9. Мәжбүрлеп емдеуден және (немесе) бас бостандығынан айыру орынынан босатылғандар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. Ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген азаматтар (жыл және одан да көп).
Тармақ 12
12. 50 жастан асқандар.
Тармақ 13
13. Бастауыш, кәсіби орта білімі бар және кәсіби жоғары білімі бар түлектер.