Об утверждении Инструкции о социальных выплатах отдельным категориям нуждающихся граждан района в 2006 году Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы ауданның мұқтажды азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі» Заңына сәйкес, ауданның мұқтажды азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған ауданның мұқтажды азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер туралы Нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқау) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Ауданның қаржы бөлімі (Б.Ш. Ағжанов) ауданның мұқтажды азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем төлеуді бюджеттік қаражат шеңберінде қаржыландырсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Г.П.Кулаковскаяға жүктелсін.
Басқа 4. 2006 жылы ауданның мұқтажды азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын
Качир ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 22 ақпандағы
«2006 жылы ауданның мұқтажды
азаматтарының жекелеген санаттарына
әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын
бекіту туралы» № 55/2 қаулысымен
бекітілген
2006 жылы ауданның мұқтажды азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің 1994 жылғы 16 қарашадағы «Кейбір санаттағы зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын жақсарту және материалдық қолдау туралы» өкіміне, аудан әкімінің 2004 жылғы 5 тамыздағы «2004-2005 жылдарға арналған аудандық мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы туралы» қаулысына,аудан әкімінің 2004 жылғы 5 тамыздағы «Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған аудандық бағдарлама туралы» қаулысына сәйкес мұқтажды аудан азаматтарына әлеуметтік төлемдер беру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Мұқтаж аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер өз басына (отбасына) керекті себебіне байланысты жылына бірақ рет ауылдық округ әкімдерінің қолдау хаты және тексеру актісіне сай төленеді.
Тармақ 3
3. Азаматтарға әлеуметтік төлемді төлеу аудандық бюджеттен қаржыландырылады және заңға, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да төлем көзінен іске асырылады.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
2. Әлеуметтік төлемдерге
құқығы бар азаматтардың санаттары
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер алуға мыналардың құқықтары барлар:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары – Жеңіс Күні қарсаңында;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары – Жеңіс Күні алу үшін;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 9 мамырда Астана қаласына шеруге бару жолын төлеу үшін;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектердің тістерін протездеу;
Тармақша 5
5) СПИД – пен, қатерлі ісік ауруларымен ауыратындар;
Тармақша 6
6) Туберкулезбен (кеселмен)ауыратындар;
Тармақша 7
7) Салалы министрліктердің, департаменттердің, ЖОО – ның жолдамасымен ауданға келген жас мамандар, жоғары оқу бітірген мамандар;
Тармақша 8
8) Ауданның құрметті азаматтары – коммуналдық төлеу үшін;
Тармақша 9
9) Маргиналды топтағы азаматтар – құжаттау үшін;
Тармақша 10
10)Зейнетақысы ең аз мөлшерден аспайтын жалғыз басты және жалғызілікті зейнеткерлер – кәрілер Күніне қарсаңында қатты отын алуға.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Әлеуметтік төлем және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік төлем және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлем және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ АДАМДАР ҮШІН тағайындалады:
Тармақша 1
1) 7,8,9,10 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және оларға теңдестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заң бар № 2247 Жарлығына сәйкес тағайындалады.
Тармақша 2
2) 1), 4) тармақшада көрсетілген санаттарға Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес тағайындалады;
Тармақша 3
3) 2,3,5,6 тармақшаларда көрсетілген санаттағыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік төлемдер 6.2.258.015.000 бюджеттік бағдарламаның беру жолымен жүргізіледі.