Об организации, объемах и видах общественных работ на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
2006 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, көлемдері және түрлері туралы
"Халыкты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы, “Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы” Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 14)-тармақшалары негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстардың көлемдері мен түрлерін, жұмыс орындарын ұсынушы ұйым болып “Алтынсарин аудандық орталық аурухана” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 68 "2005 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін, жұмыс орындарын ұсынушы ұйымды бекіту туралы" қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3434, 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 12 "Таза бұлақ - Чистый родник" газеті) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 76 «2006 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін, жұмыс орындарын ұсынушы ұйымды бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Г.А. Кукобаға жүктелсін.
Басқа 5. 2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері
Әкімдіктің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 88 қаулысымен бекітілді
2006 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың көлемдері және түрлері