2006 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемін, қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорынды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2006 жылы Науырзым ауданында жұмыссыздар үшін ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2006 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорын болып бекітілсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (Ж.М. Досмағамбетова) (келісім бойынша) жұмыспен камту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасау үшін нақтылы жұмыс түрлері мен көлемдерін қосымшаға сәйкес анықтасын.
Тармақ 4
4. «Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» (Г.Д. Тасқымбаева) (келісім бойынша), «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» (Р.Т. Бөдекенова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерінің бастықтары қосымшаға сәйкес Қостанай облысы әкімиятының Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны көрсететін жұмыстар мен қызметтерді қаржыландырарда қоғамдық жұмыстар мен кызметтердің түрлері мен көлемдерін ескерсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ғ. Кәженовке жүктелсін.
Басқа 6