О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы негізіне, және 22 ақпан 2006 жылы «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» А-2/69 Ақмола облысы әкімшілігінің қаулысына сәйкес, еріген қар суын ұйымдасқан түрде және апатсыз өткізу, мүмкін болған су тасқынына жол бермеу, тұрғындарды, шаруашылық кешендерінің нысандарын, коммуникация желілерін, ауыл шаруашылығы жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шаралар атқаруға басшылық жасау, іс-қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері, барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) су бөгесіндерін, су қоймаларын, су толтырғыш жылғалар мен тоғандарды дайындасын, су тазартқыш құрылғылардың, сенімді түрде жұмыс атқаруын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшін су тасқынына жол бермеуге қажетті іс-шаралар кешенін толық орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда одан сақтандыру жөнінде кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыру сызбаларын әзірлесін;
Тармақша 5
5) табиғи апат салдарын жоюға қолданылатын күш пен құралдарды анықтап, үнемі дайындықта ұстасын, апаттан құтқару жұмыстары кезінде олардың әрекет жасау тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын техникаға қажетті жанар-жағар материалдарының қажетті резервін жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауіп пен төтенше жағдайлар туындағандай болса іс-қимыл жасауға әзір болу үшін тиісті қызметтермен және құрамалармен сабақтар және жаттығулар өткізсін.
Тармақша 8
8) өткен жылдардағы су тасқынына талдау жасап, су астында қалатын аймақтардағы елді мекендерді, бұзығу және жуылып кету қаулі бар автомобиль және теміржолдарды, тасқын су зақын келтіруі мүмкін электр және байланыс желілерін, су бөгесіндері мен су өткізгіш құрылғылардың жағдайын, халық пен ауылшаруашылық жануарларын су басатын аймақтардан көшіріп әкелетін жерлер мен жолдарды анықтау.
Тармақ 4
4. Степняк қаласының және ауылдық округтердің әкімдері өз шешімдерімен ведомствоға қарасты аумақтарда су тасқынына қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнінде іс-шаралар белгілесін, апаттан құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды атқаруға қажетті күш пен қаржыны анықтасын қажет болған жағдайда штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Дайындық шараларының орындалуы 2006 жылдың 25 наурызына қарай аяқталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары - аудандық су тасқынына қарсы штабтың бастығы Қ.Ә.Әдиетовке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданы бойынша Әділет басқармасында тіркеуден өтуге және баспасөзде жариялануға тиіс.
Тармақ 8
8. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 18 наурыздағы «2005 жылғы су тасқанына қарсы шаралар туралы» № а/3-128 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Басқа 17. Су тасқынына қарсы аудандық штабтың ҚҰРАМЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «15» 03 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» №а-3/43 қаулысына 1 қосымша Су тасқынына қарсы аудандық штабтың ҚҰРАМЫ Әдиетов Қуанғали Әдиетұлы - аудан әкімінің орынбасары - штаб бастығы Сыздықов Ермек Сатыбалдыұлы - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы штаб бастығының орынбасары Штаб мүшелері: Лебедев Валерий Федорович - құрылыс бөлімінің бастығы Ысқақов Ермек Зейноллаұлы - ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Қоқанов Талғат Зәбиқоллаұлы - төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Сатыбаев Қанат Болатұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Ескендіров Рамазан Сиражұлы - телекоммуникацияның желілік-техникалық цехының бастығы (келісімі бойынша) Сыздықова Дәмелі Бақтайқызы - аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (келісімі бойынша) Долгих Владимир Васильевич -«Еңбекшілдер аудандық автожолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісімі бойынша) Балғожинов Серік Кеңесұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Сәкенов Серік Ризабекұлы - ауданның электр жүйесі бөлімінің бастығы (келісімі бойынша) Бекенова Ақжамал Нұрқанқызы - қаржы бөлімінің бастығы Молдашева Гүлнәр Қайырбайқызы - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бөлімінің бастығы (келісімі бойынша)
Басқа 18. Аудан аумағында 2006 жылдың көктемінде су тасқынына әзірлену мен оны қатерсіз өткізу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2006 жылғы «15» 03 «2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» №а-3/43 қаулысына 2 қосымша Аудан аумағында 2006 жылдың көктемінде су тасқынына әзірлену мен оны қатерсіз өткізу жөніндегі іс-шаралар ЖОСПАРЫ Рет саны Шаралар атауы Орындау мерзімі Орындаушылар 1 Степняк қаласын және ауылдық округтерде су тасқынына қарсы штабтар құру, тұрғын үйлерді, шаруашылық объектілерін су басып кету мен су тасқыны қаупінің алдын алу жөнінде барлық қажетті шаралар қолдану, аудан халқы мен шаруашылық жүргізу объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. 2006 жылдың 25 наурызына дейін Степняк қаласының, және ауылдық округтердің әкімдері 2 Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аумақты және шаруашылық жүргізу объектілерін көктемгі су тасқыны кезінде су басып кетуден және су астында қалудан қорғауды қамтамасыз ету шараларының жоспарын әзірлеу. 2006 жылдың 25 наурызына дейін Степняк қаласының, және ауылдық округтердің әкімдері, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары 3 Көктемгі кезеңде автомобиль жолдарының тұрақты түрде іске жарамды болуын қамтамасыз ету, су өтетін құрылыстарды (көпірлер мен құбырларды) тазалау жөнінде қажетті жұмыстар атқару, Жанар-жағар материалдарының, қажетті материалдық-техникалық құралдардың (қиыршық тас, құм, тас) қорын жасау. Көктемгі су тасқыны кезінде жол техникасының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар белгілеу. Жол жамылғысының түрлеріне байланысты ауданның автомобиль жолдарында көлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысын шектеу. Жолдардағы жағдайды анықтап, бағалап отыру, төтенше жағдайлар туындап, қауіп туғызған кезде көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу немесе тоқтату, автомобиль жолдарының ең қауіпті учаскелеріне қосымша ескерту белгілерін қою және ауданның су тасқынына қарсы штабының басшыларына осылар жөнінде хабарлау. Су тасқынының барлық кезеңінде Степняк қаласының, және ауылдық округтердің әкімдері, жол ұйымдарының басшылары (келісімі бойынша) аудандық ішкі істер бөлімі (келісімі бойынша) 4 Тұрғындарды, ауыл шаруашылық малдарын және бағалы материалдық заттарды қауіпті аумақтардан көшіру мүмкіндігін ұйымдастыру үшін автокөлік техникасының, дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлерді дайындау. 2006 жылдың 25 наурызына дейін Степняк қаласының, және ауылдық округтердің әкімдері 5 Су тасқыны кезінде астық қоймаларын су астында қалдырмау шараларын жүзеге асырып, астықтың аман сақталуын қамтамасыз ету. Мал қоралары мен қойма үйлерін, астық қамбаларын мезгілінде қардан тазарту. 2006 жылдың 25 наурызына дейін Степняк қаласының, және ауылдық округтердің әкімдері, шаруашылық жүргізу объектілерінің басшылары, аудандық ауылшаруашылық бөлімі 6 Су бөгесіндері мен су қоймаларының техникалық жағдайын мұқият зерттеу. 2006 жылдың 25 наурызына дейін Су тасқынына қарсы штабтар 7 Барлық елді мекендер, әсіресе су тасқыны аумағында қалатын елді мекендермен, ауданның аса маңызды шаруа кешенінің объектілерімен тұрақты да үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін және көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің байланыс желілерін қорғауды қамтамасыз ету. Ауданның елді мекендерімен байланыс жүргізудің резервтік құралдарын көздеу. Су тасқынының барлық кезеңінде Телекоммуникацияның желілік-техникалық цехы (келісімі бойынша) 8 Ауданның елді мекендеріне электр қуатының үзіліссіз, сенімді түрде беріліп тұруын қамтамасыз ету, электр қуатын беретін желілерді , жерде орналасқан қосымша станциялардың энергетикалық құрал-жабдықтарын шағын сулардың бүлдіруінен сақтау жөнінде қажетті шаралар өткізу. Су тасқынының барлық кезеңінде Аудандық электр жүйелері бөлімі (келісімі бойынша) 9 Су тасқынына қарсы шаралардың орындалуын бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету. Төтенше жағдайларды заңнамаға сәйкес жою үшін қай меншік түріне жататындығына қарамастан ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру. Аудан тұрғындарына баспасөз арқылы су тасқыны кезінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар мен олар бола қалғандай жағдайда іс-қимыл жасау тәртібі жайында мерзімді түрде хабарлап отыру. Су тасқынының барлық кезеңінде Су тасқынына қарсы аудандық штаб 10 Су тасқыны басталғанға дейін өзендердің су деңгейін бақылау постыларын іске қосу. Өзендер мен тоғандарға қосылатын су мен олардағы су деңгейін тәулік сайын тіркеп отыру және су тасқынына қарсы аудандық штаб басшыларына хабарлама жасап отыру. Су тасқынының барлық кезеңінде Степняк қаласының, ауылдық округтердің әкімдері 11 Су тасқыны кезінде су астында қалған, суға шайылған елді мекендердегі емдеу мекемелерінде қажетті дәрі-дәрмектердің, медициналық мүліктің қорын жасау қамтамасыз етілсін. Су тасқыны кезінде аудан аумағындағы санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту. Су тасқынының барлық кезеңінде Аудандық орталық аурухана, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (келісімі бойынша) 12 Су тасқыны кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қажетті материалдық-техникалық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техниканың резервін анықтау. Су тасқынының барлық кезеңінде Степняк қаласының, ауылдық округтердің әкімдері, ұйымдардың, кәсіпорындардың және шаруашылық жүргізуші объектілердің басшылары.