О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына сәйкес еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынан болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауылдық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы штаб құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Алакөл ауылдық округінің селолары аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындық бойынша беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Апатты болдырмау және оның салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды анықтасын және үнемі дайындықта ұстасын.
Тармақ 4
4. Шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 6. Су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Алакөл ауылдық округі әкімінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 4 шешіміне қосымша Су тасқынына қарсы штабтың құрамы Алпыспаев Жұмағұл Тұтайұлы - Алакөл ауылдық округінің әкімі Штабтың мүшелері Глашев Оралбай Байдуұлы - «Сарымсақты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) Аблахимов Айтпай Биболатұлы - Алакөл орта мектебінің директоры (келісім бойынша) Джусупова Салима Абулқаирқызы - Көркем орта мектебінің директоры (келісім бойынша) Войчук Олег Васильевич - «Орион» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) Туяков Омурзак Сыздықұлы - «Алтын Дән 2» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша) Туяков Амангельді Муқанмедьянұлы - «Сарымсақты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің машина - трактор шеберханасының басқармасы (келісім бойынша)
Басқа 7. Алакөл ауылдық округ аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
Қосымша бекітілді Алакөл ауылдық округінің әкімі 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 4 шешіміне Алакөл ауылдық округ аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 Тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды су басып кету каупінің алдын алуға қажетті шаралар колдану Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 2 Су өткізетін құрылыстарды, кұбырлар мен көпірлерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізу Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 3 Қажетті жанар-жағар май қорын дайындау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 4 Астықты сақтау мақсатында астық қоймаларын су тасқынынан сақтау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 5 Апат жағдайында материалдарды көшіру үшін автокөлік резервін анықтау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша)