О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-ІІ Заңына сәйкес еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су таскынының колайсыз жайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб аудан әкімінің орынбасары Қ.Ө. Рыскелдиновтің басшылық етуімен кұрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындық бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округ әкімдері, ауыл шаруашылық құрылым жетекшілері және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар:
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу және су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) ауданның барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 3
3) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылатын техникаға кажетті жанар-жағар май резерві жасалсын.
Тармақ 4
4. Аудандық қаржы бөлімі үстіміздегі жылы тасқын суға қарсы шараларды қаржыландыруға қажетті қаражат бөлуді қарастырсын.
Тармақ 5
5. Дайындалу іс-шараларын орындау 2006 жылғы 21 сәуірге дейін аяқталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары - су тасқынына қарсы штабтың бастығы Қ.Ө. Рыскелдиновке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № а-4/65 «2005 жылғы су тасқынына қарсы шаралар туралы» (Егіндікөл ауданының әділет Басқармасында 2005 жылғы 21 сәуірде № 1-8-02 тіркелген), аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінің 2005 жылғы 25 сәуірдегі № 15 (114) санында жарияланған қаулысы күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Қаулы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және аудандық «Шұғыла-Целинная Нива» газетінде міндетті түрде жариялануы тиіс.
Басқа 13. Аудан аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
БЕКІТІЛДІ
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
№ а-3/67 қаулысымен
Аудан аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
№
Шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
Үйлерді су басып кету қаупінің алдын алуға қажетті шаралар қолдану
Су тасқынының барлық кезеңіне
Шаруашылық басшылары (келісім бойынша), ауыл және ауылдық округ әкімдері
2
Су өткізетін құрылыстарды, құбырлар мен көпірлерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізу. Қажетті мөлшерде құм қорын дайындау
2006 жылғы 21 сәуірге дейін
Кәсіпорын, шаруашылық басшылары (келісім бойынша), ауыл және ауылдық округ әкімдері
3
Қажетті жанар-жағар май қорын дайындау
2006 жылғы 21 сәуірге дейін
Шаруашылық, кәсіпорын, ұйым басшылары (келісім бойынша)
4
Астықты сақтау мақсатында астық қоймаларын су тасқынынан сақтау
Су тасқынының барлық кезеңіне
Астық қабылдау пункттерінің иелері мен басшылары (келісім бойынша)
5
Апат жағдайында материалдарды көшіру үшін автокөлік резервін анықтау
Су тасқынының барлық кезеңіне
Шаруашылық және кәсіпорын басшылары (келісім бойынша)
6
Су тасқыны кезеңіне жауапты тұлғалардан кезекшілік кестесін дайындау және бекіту
Су тасқынының барлық кезеңіне
Шаруашылық және кәсіпорын басшылары (келісім бойынша)
7
Нысандар суға кеткен жағдайда қоғамдық және жеке мүліктің сақталуын қамтамасыз ету
Су тасқынының барлық кезеңіне
Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша)
8
Мал қораларын қардан тазарту және малдарды су тасқынынан сақтауды қамтамасыз ету
Су тасқынының барлық кезеңіне
Шаруашылық басшылары (келісім бойынша)
Басқа 14. Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2006 жылғы 30 наурыздағы
№ а-3/67 қаулысына қосымша
Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Рыскелдинов Қайыр Өмірсадықұлы - аудан әкімінің орынбасары - штаб бастығы
Велев Анатолий Степанович - азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман - штаб бастығының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Қаппасов Ербол Төлегенұлы - аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Русецкий Александр Николаевич - төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Топорков Олег Иванович - «Егіндікөл-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бастығы (келісім бойынша)
Ахметова Әсемгүл Бөкенқызы - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор (келісім бойынша)
Ахметбеков Ғұсман Дүйсенбекұлы - орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (келісім бойынша)
Байдильдина Жанар Еркінқызы - Ақмола облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық қадағалау басқармасының Егіндікөл ауданы бойынша бөлімі бастығының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Роберт Ольга Владимировна - қаржы бөлімінің бастығы