О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы көктемгі кезеңде су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 |шілдедегі № 19 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауылшаруашылықтық жерлері көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, Полтавка селолық округінің әкімі( шешім етті:
Тармақ 1
1. Полтавка селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы комиссия құрылсын.(№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Полтавка селолық округінің аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін. (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Осы шешім 2006 жылдың 20 наурызында шыққан құқықтық қатынасқа таратылады.
Тармақ 4
4. Атбасар ауданының әділет басқармасында 2005 жылы 16 мамырда № 1-5-6 тіркелген Полтавка селолық округі әкімінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі № 12 «2005 жылы көктемгі кезеңде су тасқынына қарсы шаралар туралы» шешімі күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Полтавка-2» жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің директоры Н. Белобров
20 наурыз 2006 ж.
Басқа 6. Комиссия мүшелері:
Полтовкаа селолық округі әкімінің
2006 жылғы 20 наурыздағы
№ 6 шешіміне № 1 қосымша.
Полтавка селолық округінің су тасқынына қарсы комиссия ҚҰРАМЫ
Дерр Владимир Иванович - селолық округ әкімі, комиссия торағасы
Белобров Николай Федорович - «Полтавка-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (алдағы ЖШС), комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Мафенбеев Виктор Пиусович - «Полтавка-2» ЖШС бас инженері, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Конышева Лидия Анатольевна - Полтавка с.фельдшерлік-акушерлік пунктінің меңгерушісі
Озерова Людмила Григорьевна - Полтавка орта мектебінің директоры
Петренко Владимир Семенович - аудандық телекоммуникациялар торабының автоматтандырылған телефон стансасының монтері (келісім бойынша)
Гаража Зоя Саламовна - Полтавка с. Мәдениет үйінің меңгерушісі|
Апанович Федор Демьянович - «Полтавка-2» ЖШС машинотракторлық шеберханасының меңгерушісі (келісім бойынша)
Бартош Анатолий Николаевич - «Полтавка-2» ЖШС автогараж меңгерушісі (келісім бойынша)
Иващенко Нина Ивановна - селолық округтің әкім аппаратының ветеринарлық инспекторы
Куценко Виктор Иванович - «Полтавка-2» ЖШС № 2 бригадасының бригадирі (келісім бойынша)
Мороз Виталий Васильевич - Атбасар аудандық электр жүйелерін бөлу жогаргы вольтты желілерінің монтері (келісім бойынша)
Тыщенко Василий Прокопьевич - «Полтавка-2» ЖШС № 1 бригадасының бригадирі (келісім бойынша)
Нұркенов Асан Айтжанұлы - «Полтавка-2» ЖШС директорының орынбасары (келісім бойынша)
Басқа 7
Полтавка селолық округі әкімінің
2006 жылға 20 наурыздағы
№ 6 шешіміне № 2 қосымша.
Полтавка селолық округінің аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын апатсыз өткізуге дайындалу бойынша шаралар ЖОСПАРЫ.
№
Шаралар аттары
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
Полтавка және Титовка селоларында тұрғын үйлерді су басудан ескерту бойынша қажетті шаралар қабылдауға ұсыныс берілсін.
Кезең бойына
Мекемелер мен өндірістік нысандардың басшылары (келісім бойынша)
2
Су тасқыны бойынша шаралар өткізу туралы бөлімшелер басшыларына ұсыныс берілсін және жанар-жағар май материалдарының қажетті артық қоры құрылсын.
20 сәуірге дейін
«Полтавка-2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының орынбасары (алдағы ЖШС) Нуркенов Асан Айтжанович. (келісім бойынша)
3
Барлық су шаруашылығының нысандарын мұқият тексеруді өткізу және бөгеттерді жөндеу үшін инертті материалдардың қажетті артық қорын дайындауға бөлімшелердің басшыларына ұсыныс беру.
Кезең бойына
«Полтавка-2 ЖШС директорының орынбасары Нуркенов Асан Айтжанович(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС бас инженері Мафенбеер Виктор Пиусович. (келісім бойынша).
4
Бөгеттерге жауаптыларды тағайындауға ұсыныс берілсін –
№ 1 бөгет
№ 2 бөгет
машинотракторлық шеберхананың бөгеті.
Кезең бойына
«Полтавка-2» ЖШС № 1 бригадасының бригадирі Тыщенко Василий Прокопьевич(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС № 2 бригада сының бригадирі Куценко Виктор Иванович(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС директорының орынбасары Нуркенов Асан Айтжанович(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС гараж меңгерушісі Бартош Анатолий Николаевич, (келісім бойынша)
5
Су тасқынының жұмыс кезеңінде қажетті техниканы бөлу туралы, әсіресе құйылатын материалдарды арту үшін екі трактор, арбасымен К-700 екі тракторын бөлу туралы ұсыныс беру.
Кезең бойына
«Полтавка-2» ЖШС бас инженері Мафенбеер Виктор Пиусович.(келісім бойынша)
6
Құтқару дөңгелектерін, 4 камераны 20 метрден кем емес арқандармен дайындау туралы ұсыныс беру.
20 сәуірге дейін
«Полтавка-2» ЖШС гараж меңгерушісі. Бартош Анатолий Николаевич(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС № 2 бригада бригадирі Куценко Виктор Иванович (келісім бойынша)
7
Мал шаруашылығының орындарын, бидай қоймаларын, шөп үйетін жерді, дала қостарь. бригадалардағы және машина ауласындағы ауыл шаруашылық техникасын қардан тазартуға ұсыныс беру.
Кезең бойына
«Полтавка-2» ЖШС машина ауласының меңгерушісі Доценко Николай Николаевич(келісім бойынша), «Полтавка-2» ЖШС бас агрономы Сыздыков Мурат Өсербаевич(келісім бойынша), «ГІолтавка-2» ЖІІІС директорының орынбасары Нуркенов Асан Айтжанович. (келісім бойынша)
8
Әлеуметтік сала нысандарын кардан тазартуды жүргізу (мектептер. фельдшерлік-акушерлік пункттер. кітапханалар. клубтар).
Кезең бойына
Мектептердің директорлары, фельдшерлік-акушерлік пункттерінің меңгерушілері. клуб, кітапхана меңгерушілері.
9
Мал азығын, жанар-жағар май материалдарының жеткілікті көлемін әкелуге ұсыныс беру, еріген сумен кесілетін өндірістік учаскелеріне трактор мен ауылшаруашылық техникасын жіберу.
Су тасқынына дейін
«Полтавка-2» ЖШС бас инженер Мафенбеер Виктор Пиусович(келісім бойынша).«Полтавка- 2» ЖШС директорының орынбасары Нуркенов Асан Айтжанович. (келісім бойынша)
10
Титовка селосының тұрғындарын ұнмен, газ баллонының қорымен қамтамасыз етуге ұсыныс беру.
Су тасқынына дейін
«Полтавка-2» ЖШС директорының орынбасары Нуркенов Асан Айтжанович. (келісім бойынша)
11
Су тасқынының кезеңінде үздіксіз байланыспен қамтамасыз ету.
Кезең бойына
Автоматтандырылған телефон стансасының монтері Петренко Владимир Семенович, (келісім бойынша)