Об оказании и выплате материальной помощи ветеранам и инвалидам Великой Отечественной войны на 2006 год Қолданыста
Басқа 0
2006 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсету және төлеу туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға арналған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдық көмекті көрсетудің келесі тәртібі бекітілсін:
Тармақша 1
1) материалдык көмекті алушылары болып Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері табылады;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне материалдык көмек өтініштік түрде болады және өтініш беру айынан тағайындалады;
Тармақша 3
3) материалдык көмектің мөлшері ай сайын 230 теңге құрайды;
Тармақша 4
4) материалдық көмектің төленуі өткен айға жүргізіледі;
Тармақша 5
5) материалдық көмек «Сарыкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен алушының жеке шотына салу жолымен төленеді.
Тармақ 2
2. Осы каулынын орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Бегалинге жүктелсін.