О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Күшін жойған
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауылшаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және іс - әрекетті үйлестіру үшін су тасқынына қарсы аудандық штаб құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Аудан аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқыны шараларының жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, Жарқайың ауданының «Ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Ш. Шорахметов), Жарқайың ауданының «Тұрғын - үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (В.В. Паньков) және барлық мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдар (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) көктемгі тасқын суды қатерсіз өткізу, өзендердің арналарын, су ағызатын құрылыстарды тазалау жұмыстарын жүргізсін;
Тармақша 2
2) су қоймаларын, су толтырғыш жырғаларды, бөгеттерді және тоғандарды дайындасын, су тазартатын құрылыстардың, ағын суларды және сүзгіден өткізетін канализация жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) ауданның барлық шаруашылық кешендері саласының бірқалыпты тіршілігіне жағдай жасауды қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешенін орындасын;
Тармақша 4
4) су тасқыны немесе су басып кету қаупі туындаған жағдайда сақтану туралы кәсіпорындар мен ұйымдардың жүмысшылары мен қызметшілерін және тұрғындарды құлақтандыратын сызбаны жасайтын болсын;
Тармақша 5
5) кенеттен болатын апат салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын, авариядан құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде олардың әрекет ету тәртібін белгілесін;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайларды жоюға жұмылдырылған техникалар үшін қажетті жанар - жағар май материалдарының қорын жасасын;
Тармақша 7
7) көктемде қауіп және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда іс - әрекет жасауды дайындау бойынша қызметтермен және құрамалармен сабақ, жаттығулар өткізсін.
Тармақ 4
4. Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері ведомстволық қарасты аумақтарда тасқан суға қарсы штабтар құрсын, тасқын су кезіндегі төтенше жағдайларды жою мен оның алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын жасауды қарастырсын, құтқару және басқа да қауырт жұмыстарды жүргізу үшін қажетті күштер мен қаражатты анықтасын, штаб мүшелері мен жауапты лауазымды адамдардан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырсын. Қолданған шаралардың барысы туралы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін хабарласын.
Тармақ 5
5. Жарқайың ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ахметова Б.А.) үстіміздегі жылы тасқын суға қарсы шараларды, соның ішінде аудан аумағында мониторинг және гидрометеорологиялық жағдайды ұйымдастыруды қаржыландыруға қажетті қаражат 996 мың теңге (тоғыз жүз тоқсан алты мың) теңге бөлуді қарастырсын.
Тармақ 6
6. Тасқын суға қарсы шаралар 2006 жылдың 1 сәуіріне дейін орындалсын.
Тармақ 7
7. Жарқайың ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі № 156 «2005 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Жүнісовке жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және міндетті жариялануға тиіс.
Басқа 17. Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Жарқайың ауданы әкімдігінің
2006 жылғы «21» наурыз
№ А-3/68 қаулысына
№ 1 қосымша
Аудандық су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Жүнісов Манат Құнантайұлы
- аудан әкімінің орынбасары, аудандық су тасқынына қарсы штабтың бастығы
Шорахметов Әбілхадыр Шорахметұлы
- Жарқайың ауданының «Ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, аудандық су тасқынына қарсы штаб бастығының орынбасары
Рябуха Виктор Васильевич
- Державин қаласы әкімінің орынбасары, аудандық су тасқынына қарсы штаб бастығының орынбасары
Паньков Владимир Викторович
- Жарқайың ауданының «Тұрғын - үй - коммуналдық шарушылық, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлім» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, аудандық су тасқынына қарсы штабтың хатшысы
Штатбың мүшелері:
Әбілмәжінов Жұмабек Чужанұлы
- «Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)
Ахметов Болат Сұлтанұлы
- Ақмола облысы денсаулық сақтау Департаментінің - Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаменті «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері (келісім бойынша)
Ахметова Бахыт Аманжолқызы
-Жарқайың ауданының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі меңгерушісінің міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Кривошеева Елена Николаевна
-Жарқайың ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі жанындағы «Коммунсервис» шаруашылығын жүргізуге құқылы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директорының міндетін атқарушы
Исалин Арман Серікұлы
-«Қазтелеком» Акционерлік Қоғамы коммуникациясы Ақмола облыстық дирекциясының құрылымдық бөлімінің Жарқайың аудандық телекоммуникация торабының директоры (келісім бойынша)
Маликов Александр Александрович
- «Чистая вода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)
Басқа 18. 2006 жылға көктем кезеңінде су тасқыны шараларының жоспары
№ 2 қосымша Жарқайың ауданы
әкімдігінің 2006 жылғы «21»
наурыз қаулысына
БЕКІТІЛГЕН № А-3/68
2006 жылға көктем кезеңінде су тасқыны шараларының жоспары
Іс - шаралар атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
Қалада және ауылдық округтерде су тасқынына қарсы штабтар құру, тұрғын - үйлерді, шаруашылық объектілерін су басып кету, су тасқыны қаупін алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолдансын. аудан халқының және объектілерінің қалыпты тіршілігіне қолайлы жағдай қамтамасыз ету
01.04.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері
2
Төтенше жағдайлардың алдын алу, халықты, аумақты және шаруашылық объектілерін көктемгі су тасқыны кезеңінде су басып кету және су астыңда қалудан қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жоспарын әзірлеу
01.04.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтерінің басшылары, шаруашылық етуші нысандар (келісім бойынша), ауданның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы
3
Көктемгі кезеңде жолдың тұрақты түрде жұмыс істеуін қамтамасыз ету, су өткізетін құрылыстарды (құбырлар және көпірлер) тазалау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу.
Жанар - жағар май материалдарының, қажетті материалдық - техникалық құралдарының (құрылыс материалдары. ағаш. тас, қиыршық тас, құм, қапшық ыдысы) қорын жасау
Су тасқыны кезеңінде жол техникаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеу
Жолдың жамылғы түрлеріне байланысты аудандық автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының барлық түрлерінің үдемелі және жылдам қозғалысын шектеу.
Жолдардағы жағдайды анықтап және бағалап отыру, төтенше жағдайлар туындап, қауіп туғызған кезде уақытша автокөлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату, автожолдардың ең қауіпті учаскелеріне қосымша жол ескертпе белгілерін қою туралы шешім қабылдануын және ол жөнінде аудандық су тасқынына қарсы штаб басшылығына білдіретін болсын.
Су тасқынының
барлық
кезеңдерінде
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтерінің басшылары, «Тұрғын - үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты және автомобиль жолдары бөлімі», «Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша).
4
Тұрғындарды, ауылшаруашылық малдарын және бағалы материалдарды қауіпті және төтенше жағдайлар аумағынан көшіру мүмкіндігі үшін автокөлік техникаларының, жүзу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету, оларды көшіретін жерлерді дайындау
28.03.06 ж.дейін
"Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, су тасқынына қарсы штабтар
5
Теміржол құрылыстарының дренаж құрылысының жайын тексеру. Теміржолдардағы, көлік жолдарындағы қарды. мұзды тазалау. су өткізетін тетіктерді тазарту (көпір және жүріп өту көпірлері, ирригациялық құрылыстар) жүргізу. Қажетті салғырт материалдар қорын жасау. Су тасқыны кезеңінде қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастыру.
01.04.06 ж.дейін
«Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық Компаниясы Жабық Акционерлік Қоғамының Ақмола тасымал бөлімі (келісім бойынша).
6
Ауылшаруашылық малдары үшін жем - шөп қорын жасау.
Алдын алу шараларын өткізу және астық қоймаларындағы астықты көктемгі су тасқынынан және суда қалудан сақтауды қамтамасыз ету.
Мал қораларында және қоймаларда. астық сақталатын орындарда қар тазалау жұмысын жүргізуді дер кезінде қамтамасыз ету.
01.04.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, «Жарқайың ауданының ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімі Мемлекеттік мекемесі, нан қабылдау кәсіпорындарының иелері мен басшылары (келісім бойынша)
7
Су қоймалары, бөгеттер мен тоғандардың техникалық жағдайларын мұқият тексеруден өткізу.
Олардың су өткізу тетіктерінің даярлығы мен дайындық дәрежесін анықтау. Тоғандардың беріктігін күшейту үшін жөндеу қалпына келтіру, көтері іш механизмдерін жұмыс жағдайына келтіру жұмыстарын жүргізу.
Су тасқыны кезеңінде су қоймаларында авария бригадаларының автокөлікпен тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыру.
Су қоймаларында судың көтерілуін, судың түсуін тәулік сайын тіркеуді жүргізу және аудандық су тасқынына қарсы штаб басшылығына күн сайын ақпарат тапсырып отыру.
25.03.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, су тасқынына қарсы штабтар, ауданның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері.
8
Елді - мекендермен, аса маңызды гидротехникалық құрылыстармен және шаруашылық объектілермен тұрақты және үзіліссіз радиотелефон байланысын қамтамасыз ету.
Қызмет көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пунктерді қорғауды қамтамасыз ету.
Су тасқынында қалатын шаруашылықтармен байланыс жасайтын резерв көздері көзделсін.
Су тасқынының
барлық
кезеңдерінде
-«Қазтелеком» Акционерлік Қоғамы коммуникациясы Ақмола облыстық дирекциясының құрылымдық бөлімнің Жарқайың аудандық телекоммуникация торабының директоры Жарқайың аудандық телекоммуникация дирекциясы (келісім бойынша)
9
Державин қаласы мен ауданның ауылдық елді - мекендеріне электр қуатын үзіліссіз және сенімді беріп тұруды қамтамасыз ету. электр қуатын беретін жүйелерді қорғау бойынша қажетті шараларды, судан сақтандыру және жерде х орналасқан подстансалардың энергетикалық құралдарын қорғауды жүргізетін болсын.
Су тасқынының барлық
кезеңдерінде
«Ақмола бөлу компаниясы» Жабық акционерлік коғамының Жарқайың аудандық электр жүйелерінің Есіл ауданаралық электр жүйелерінің филиалы
10
Су тасқынына қарсы шаралардың орындауына бақылауды және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету.
Төтенше жағдайларды заңға сәйкес жою үшін олардың қай меншік түріне жататындығына қарамастан материалдық - техникалық ресурстарын жұмылдыру.
Аудан тарғындарын баспасөз бойынша су тасқыны кезеңінде мүмкін болатын төтенше жағдайлар және бола қалған жағдайда іс-әрекет жасау тәртібі туралы мерзімді хабарлап отыру
Су тасқынының
барлық
кезеңдерінде
Ауданның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомство аралық комиссиясы, аудандық су тасқынына қарсы штаб
11
Су тасқыны кезінде су астында қалған, суға шайылған елді - мекендерде судың бетін қайтаратын қажетті техникалар әзірлеу, сондай - ақ су астында қалған тұрғындарды шұғыл түрде құтқаруға дайындық жасау.
01.04.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округтер әкімдері, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері
12
Су тасқыны өткен кезде су астында қалған, суға шайылған елді - мекендердегі емдеу мекемелерінде дәрілер. Ең медицина мүліктерінің қорын жасауды қамтамасыз ету.
Су тасқыны кезеңінде аудан аумағындағы санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға бақылауды күшейту.
Су тасқынының
барлық
кезеңдерінде
Ақмола облысы Денсаулық сақтау департаменті «Жарқайың орталық аудандық ауруханасы» Мемлекеттік мекемесі, Жарқайың ауданы бойынша Ақмола облыстық Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау бөлімі (келісім бойынша)
13
Су тасқыны басталғанға дейін өзендердің су режиміне бақылау жасайтын гидрологиялық постарды қимылға келтіру.
Елді - мекендерді су басу, су астында қалдыру қаупі туралы жедел хабар беру. Аудандық су тасқынына қарсы штаб басшылығына қардың қоры, өзендердің гидрологиялық режимі және басқа да су объектілерінің жайы туралы күн сайын ақпарат беріп түру.
25.03.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, су тасқынына қарсы штабтар. ауданның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері.
14
Су тасқыны кезеңінде құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін қажетті — материалдық ресурстардың, автокөлік және инженерлік техникалардың резерві анықталсын.
Су тасқынының
барлық
кезеңдерінде
Державин қаласы және ауылдық округтер әкімдері, ауданның ТЖ алдын алу және жою жөніндегі ведомство аралық комиссиясы. ауданның ұйымдары, кәсіпорындары және шаруашылық егуші субъектілерінің нысандары (келісім бойынша)
15
Су тасқынына дейін елді - мекендерде қардан ағынды су қанаулары мен науаларды тазалау.елді - мекендер сыртындағы қар еріген жағдайда судың астында қалу қауіпі бар тұрғын үй (әсіресе жеке салынған) секторлары аумағындағы қарды жинау және шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
28.03.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, су тасқынына қарсы штабтар, ауданның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері
16
Сулы объектілердің барлығын толығымен тексеруді жүргізу, шұғыл авариялық - қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін мұз бен қар жамылғысының еру қарқынында су қоймалары, бөгеттер мен тоғандардың нақты жағдайын анықтау.
28.03.06 ж.дейін
Державин қаласы және ауылдық округ әкімдері, су тасқынына қарсы штабтар, ауданның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс қызметтері
17
Үшқарасу селосында (Есіл өзені арқылы өтетін өткел) су тасқыны қаупі болатын учаскелерге қосымша посттар қою жұмыстарына әзірлік
28.04.06 ж.дейін
Үшқарасу ауылдық округінің әкімі, аудандық су тасқынына қарсы штаб
18
Аудандық экономика және қаржы бөлімі су тасқынына қарсы шаралардың барлығы бірдей өткізу үшін, аудан әкімі аппаратына 996 000 теңге ақшалай қаражат бөлсін: оның 996 000 (тоғыз жүз тоқсан алты мың) теңгесі жанар - жағар май сатып алуға.
- 1,154 (бір миллион бір жүз елу төрт)мың теңге көлемінде жанар - жағар май сатып алу;
- Костычево ауылдық округінің №1 және №2 бөгеттерін сақтау және нығайту үшін 5000 (бес мың) кг. дизельдік жанар майға 275 000 (екі жүз жетпіс мың) теңге;
ауданның төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі шұғыл қызмет ету отрядының жұмыстары үшін;
-5000 (бес мың) кг дизельдік жанар майға 275 000 (екі жүз жетпіс мың) теңге;
-2 000 (екі мың) А-80 бензинге 108 000 (жүз сегіз мың) теңге;
- су тасқынына қарсы штабтың, ведомство аралық штабтың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мониторинг өткізу және төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныстың барлық қызметтерінің іс-әрекеттерін шұғыл түрде үйлестіру үшін 1000 (бір мың) кг. А-93 бензиніне 63 000 (алпыс үш мың) теңге.
01.04.06 ж.дейін
15.04.06 ж.дейін
Жарқайың ауданының «Қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесі