Об организации социальных рабочих мест в Сандыктауском районе в 2006 году Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сандықтау ауданында 2006 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 1 тармағының 5-4 тармақшасына және 18-1 бабына сәйкес, халықтың мақсатты топтарын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша іс шараларды белгілеу үшін, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2006 жылға әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша Сандықтау ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарында жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрайтын, кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесін бекітсін (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, аудан бюджетінің қаражатының жартылай өтемімен жұмыс берушінің қаражатынан жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Сандықтау ауданының қаржы бөлімі 2006 жылға арналған Сандықтау ауданының бюджетінде қарастырылған қаражаттың шегінде, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Б.С.Ізбасароваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы Сандықтау ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2006 жылдың 4 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынаста қолданылады.
Басқа 7. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ
қосымша Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2006 жылғы 03 17 № А-3/58 «2006 жылы Сандықтау ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» Қаулысымен БЕКІТІЛДІ Әлеуметтік жұмыс орындарын құрушы кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕСІ Т.б. № Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы Адам саны 1 «Тұлпар» шаруа қожалығы 2 2 Жеке кәсіпкер Лотц Ю.Б. 2 3 Жеке кәсіпкер Смолякова О.В. 1 4 Жеке кәсіпкер Сэу В.Я. 2 5 Жеке кәсіпкер Акимов М.А. 4 6 Жеке кәсіпкер Докаев Д.А. 2 7 Жеке кәсіпкер Новожилова Т.Д. 2 8 «Байдалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 9 Сандықтау «Жібек-Жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 10 «Гермес» шаруа қожалығы 3 11 «Отчизна» шаруа қожалығы 3 12 Жеке кәсіпкер Умарова А.А. 1 13 «Сандықтау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4