О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-ІІ Заңына сәйкес, еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының колайсыз жайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауыл аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы штаб құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Беріліп отырған Буревестник ауылының аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындық бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кенеттен болатын апатты болдырмау және апатты жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды үнемі дайындықта ұстасын және анықтасын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Егіндікөл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 6. Су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Буревестник ауылы әкімінің 2006 жылғы 20 наурыздағы №1 шешіміне қосымша Су тасқынына қарсы штабтың құрамы Манжанова Сәуле Қуанышқызы - ауыл әкімі, штаб бастығы Штабтың мүшелері Манжанов Сержан Абдрахманұлы - «Іліяс» шаруа қожалық басшысы (келісім бойынша) Ідрісова Салтанат Кайрбекқызы - Буревестник орта мектебінің директоры (келісім бойынша) Айтманов Самат - учаскелік инспектор (келісім бойынша) Смаилова Ботагөз Егімбайқызы - Буревестник ауылы әкімі аппаратының бас маманы
Басқа 7
Буревестник ауылы әкімінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 1 шешімімен бекітілді Буревестник ауылының аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары № Шаралар атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 Үйлерді су басып кету қаупінің алдын алуға қажетті шаралар қолдану Су тасқынының барлық кезеңіне Шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша), әкім 2 Су өткізетін құрылыстарды, құбырлар мен көнірлерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізу Су тасқынының барлық кезеңіне Шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 3 Қажетті жанар-жағар май қорын дайындау Су тасқынының барлық кезеңіне Шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 4 Астықты сақтау мақсатында астық қоймаларын су тасқынынан сақтау Су тасқынының барлық кезеңіне Шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 5 Апат жағдайында материалдар тасу үшін автокөлік резервін анықтау Су тасқынының барлық кезеңіне Шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша)