О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы шаралар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңына сәйкес еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындарды, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация желілерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен ауыл әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауыл аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы штаб құрылсын (қосымша).
Тармақ 2
2. Егіндікөл ауылы аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындық бойынша беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Апатты болдырмау және оның салдарын жою үшін жұмылдыратын күшті және құралдарды анықтасын және үнемі дайындықта ұстасын.
Тармақ 4
4. Шешім әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 6. Су тасқынына қарсы штабтың құрамы
Егіндікөл ауылы әкімінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешіміне қосымша Су тасқынына қарсы штабтың құрамы Жұматова Зоя Қандыбайқызы - Ауыл әкімі, штабтың бастығы Штабтың мүшелері Кулагин Валерий Витальевич - «Целина Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісім бойынша) Шарафутдинов Игорь Шамильевич - «Шарафутдинов және компания» командиттік серіктестігінің директоры (келісім бойынша) Әбіш Қайыргелді Қрықбайұлы - Учаскелік инспектор (келісім бойынша) Әлиакбаров Аманжол Әлиякбарұлы - Егіндікөл ауылы әкімі аппаратының бас маманы
Басқа 7. Егіндікөл ауылының аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары
Қосымша Егіндікөл ауылы әкімінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 1 шешімімен бекітілген Егіндікөл ауылының аумағында 2006 жылдың көктем кезеңінде су тасқынын қатерсіз өткізу және дайындау бойынша іс-шаралар жоспары № Іс-шаралар атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1 Үйлерді су басып кету каупінің алдын алуға қажетті шаралар қолдану Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 2 Су өткізетін құрылыстарды, құбырлар мен көпірлерді тазалау бойынша жұмыстар жүргізу Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 3 Қажетті жанар-жағар май қорын дайындау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 4 Астықты сақтау мақсатында астық қоймаларын су тасқынынан сақтау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 5 Апат жағдайында материалдарды көшіру үшін автокөлік резервін анықтау Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша) 6 Мал қораларын қардан тазарту және малдарды су тасқынынан сақтауды қамтамасыз ету Барлық кезеңге Басшылар, шаруа қожалықтарының басшылары (келісім бойынша)