О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста
Басқа 0
2006 жылы көктемгі кезенде су тасқынына қарсы шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардың №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілденің №19 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы » Заңына сәйкес еріген қар суын ұйымшылдықпен және апатсыз өткізу және мүмкін болатын су тасқынын болдырмау, тұрғындары, шаруашылық кешендері нысандарын, коммуникация жерлерін және ауыл шаруашылық жерлерін көктемгі су тасқынының қолайсыз жағдайларынан сенімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, Новосельскі селолық округінің әкімі шешім етті:
Тармақ 1
1. Новосельскі селолық округінің аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша басшылық жасау және қимылды үйлестіру үшін су тасқынына қарсы комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Новосельскі селолық округінің аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар жоспары бекітілсін (2қосымша).
Тармақ 3
3. Новосельскі селолық округі әкімінің 2005 жылдың 13 сәуірдегі №2 «2005 жылғы көктемгі кезеңде су тасқынына қарсы шаралар » Атбасар ауданының әділет басқармасында тіркелген 2005 жылғы 16 мамырдағы № 1-5-5 шешімнің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. 2006 жылғы 1 наурызда шыққан бүл шешім құқықтық карым қатынасқа тартылады.
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
«Клименко - 1» жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктін басшысы А. Клименко
16.03.2006 ж
Басқа 6. КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
2006 жылдың 16 наурыздағы № 6
Новосельскі селолық округ
әкімінің шешіміне 1 қосымша
Новосельскі селолық округінің су тасқынына қарсы комиссия ҚҰРАМЫ
Милевская Надежда Давыдовна - Новосельскі селолық округінің әкімі, комиссия төрайымы.
Клименко Александр Давыдович - «Клименко -1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры (одан әрі - ЖШС) комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
Моисеенко Григорий Дмитриевич - «Клименко -1» ЖШС бас инженері, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша).
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Скубак Юрий Иванович - «Клименко -1» ЖШС коркейту бойынша бригадирі (келісім бойынша).
Нагайченко Владимир Васильевич - «Клименко-1» ЖШС бас агрономы (келісім бойынша).
Белинский Антон Михайлович - автоматтандырылған телефон станциясының монтёрі (келісім бойынша).
Мелец Андрей Григорьевич - Атбасар аудандық электр жүйесінің механигі (келісім бойынша).
Басқа 7
2006 жылғы 16 наурыз №6
Новосельскі селолық округ
әкімінің шешіміне 2 қосымша
Новосельскі селолық округінің аумағында 2006 жылғы көктемгі су тасқынын қатерсіз өткізу және оған дайындалу бойынша шаралар туралы ЖОСПАРЫ
№
Шаралар атаулары
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
Новосельскі, Пролетарка, Людмиловка селоларының маңдарын,еріген қар сулары агатын арналарды, көтерілетін жолдарды тазалау.
2006 жылдың 5 сәуіріне дейін.
«Клименко-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (алдағы ЖШС) көркейту бойынша бригадирі Скубак Ю.И. (келісім бойынша).
2
Тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар жанындағы еріген кар сулары агатын арналарды тазалау.
2006 жылдың 5 сәуіріне дейін.
Тұрғын үй иелері.
3
Машина алаңын, автогараж ғимаратын, жанар жағар май қоймасын, техникалар тұрағын кардан тазарту, барлық ғимарат, құралдардың, қоймалар мен көлемдерді қоса шатырларындағы қарларды тазалау.
2006 жылдың 5 сәуіріне дейін.
«Клименко -1» ЖШС бас инженері Моисеенко Г. Д. (келісім бойынша).
4
Әлеуметтік саладағы объектілерді қардан тазалау (мектептер, фельдшер-акушерлік пункттер, кітапханалар, клубтар).
2006 жылдың 5 сәуіріне дейін.
Мектеп директорлары, фельдшер-акушерлік пункттер, мәдениет үйлері, кітапхана меңгерушілері.
5
Новосельскі селосындагы Набережная, Надреченская көшелері бойынша су алып кету қаупінде тұрған тұрғын үйлерді, мал шаруашылық үйін, астық қоймаларының кезекшілігін үнемі қадағалауда ұстау.
Кезең бойы.
Село округінің әкімі Милевская Н.Д., «Клименко-1» ЖШС көркейту бойынша бригадирі Скубак Ю.И. (келісім бойынша).
6
«Клименко-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына Новосельскі селосындағы тұрғындарды газ баллондармен, ұнмен қамтамасыз етуіне ұсыныс.
Су тасқынына дейін.
«Клименко-1 »ЖШС басшысы Клименко А.Д. (келісім бойынша)
7
Су тасқыны кезінде үзіліссіз байланыспен қамтамасыз ету.
Кезең бойы.
Автоматтандырылған телефон станциясын монтері Белинский А.М. (келісім бойынша).
8
«Клименко -1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына қажетті техника және жанармай қорын даярлауын ұсыну.
Кезең бойы.
«Клименко -1» ЖШС басшысы Клименко А.Д.. (келісім бойынша).