О противопаводковых мерах в весенний период 2006 года Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына қарсы қолданылатын шаралар туралы 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік қызметін атқару туралы» Заңына сәйкес, су тасқыны жұмыстарын ұйымдастырулы түрде жүргізу, апат жағдайларын алдын-алу, тұрғын үй корының және шаруашылық жиынтығы объектісінің сақталуы мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қала аумағында су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша іс-әрекеттерді үйлестіру мен басшылыққа алу үшін қала әкімінің орынбасары Н.П.Видякинаның басшылығымен қалалық су тасқынына қарсы штаб құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. 2006 жылдың көктемгі кезеңінде қала аумағында суды ақаусыз өткізу мен дайындау бойынша шаралар жоспары бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Қала кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің басшыларына ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қаланың шаруашылық кешеніндегі барлық салалардың дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдай жасауын қамтамасыз ететін су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар кешені орындалсын;
Тармақша 2
2) дұрыс жұмыс істеуі үшін «Шыңбұлақ» плотинасын дайындасын, тазалынды су кұрылысының, канализациялық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз етсін, қала көшелерін қардан тазаласын;
Тармақша 3
3) қала тұрғындары су тасуы мен су басуы қауіпі туралы уақытында құлақтандырылсын;
Тармақ 4
4. Су тасқынына қарсы шараларды жүргізу бойынша қаржыландыру 2006 жылдағы аудан бюджетінде осы мақсаттар үшін қаралған каражат есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 5
5. Дайындалу шаралары 2006 жылдың 1-сәуіріне дейін аяқталсын.
Тармақ 6
6. 2005 жылдың 28 наурызындағы Ерейментау қала әкімінің «2006 жылдың көктемгі кезеңіндегі су тасқынына қарсы қолданылатын шаралар туралы» (2006 жылдың 22 сәуіріндегі Ерейментау ауданы әділет басқармасындағы нөмір 1-9-4 тіркелген, 2005 жылдың 14 мамырындағы «Ерейментау» газетінде 55/56 нөмірлерінде жарияланған) № 3 шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы шешім 2006 жылдың 1 наурызынан пайда болған катынасқа таратылады.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Басқа 12. Штаб мүшелері
Ерейментау қала әкімінің 2006 жылдың «16» наурызындағы № 03 шешіміне 1 қосымша Қалалық су тасқынына қарсы штаб ҚҰРАМЫ Надежда Пантелеевна Видякина - қала әкімінің орынбасары - штаб бастығы Николай Алексеевич Кравченко - Шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның сауықтыру басқарушы - штаб бастығының орынбасары (келісім бойынша) Штаб мүшелері Амантай Кабыкенович Хасенов - Ерейментау ауданының қаржы бөлімінің бастығы (келісім бойынша) Талғат Сабырович Бралиев - Еншілес шаруашылық құқығындағы «Қала су арнасы» мемлекеттік кәсіпорынның директоры - штаб мүшесі (келісім бойынша) Бахытжан Кошербаевич Токушев - Ерейментау теміржол станциясының бастығы (келісім бойынша) Зейнур Нигматович Бурханшин - Ерейментау аудандьщ ішкі істер боліміндегі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығы (келісім бойынша) Марат Тулегенович Кенжебаев - Ақмола облыстық филиалы «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі» мемлекеттік мекемесі Ерейментау ауданының № 10 өрт бөлімшесінің бастығы - штаб мүшесі (келісім бойынша) Кайнулла Романович Букешев - Аудандық телекоммуникация желісінің бас инженері - штаб мүшесі (келісім бойынша) Амирхан Пазылович Кенжебаев - Ерейментау ауданы бойынша санитарлық-гигиеналык қадағалау бөлімінің бастығы - штаб мүшесі (келісім бойынша)
Басқа 13
Ерейментау қала әкімінің 2006 жылдың «16» наурызындағы № 03 шешімімен бекітілген 2 қосымша 2006 жылдың көктемгі кезеңінде қала аумағында суды ақаусыз өткізуге дайындау бойынша шаралар ЖОСПАРЫ № р/р Шаралар атауы Орындалу мерзімі Орындаушылар 1. Ерейментау қаласында су тасқынына қарсы штаб құру, тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін су басудан алдын-алу үшін қажетті шаралар қолдану, қаланың шаруашылық кешенінің дұрыс жұмыс істеуі үшін жағдай жасауын қамтамасыз ету су тасқынына дейін Қала әкімі Су өткізу құрылыстарын тазарту бойынша жұмыс жүргізу, жол техникасының тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. барлық су тасқыны кезеңінде Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны және жол полициясы (келісім бойынша) 3. Теміржол құрылыстарының жағдайын тексеру, станция аумағын жэне теміржол ауданындағы аралықты, су өткізу құрылыстарының көпірлерін, қардан тазалау. наурыз 2006ж. 18-Жол бөлімі, 25-Жол машина станциясы, 24-байланыс сигнализациясының қашықтығы, Ерейментау теміржол станциясы (келісім бойынша) 4. Ерейментау қ. «Шыңбұлақ» плотинасының техникалық жағдайына тексеру жүргізу, тасқын судың өткізілу дайындық деңгейін анықтау. Су тасқыны кезеңінде автокөлікте апат бригадасының кезекшілігін ұйымдастыру. наурыз 2006ж. Қала әкімі, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі, Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны (келісім бойынша) 5. Қала тұрғындарына қызмет етуде дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз ету. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық күйіне бақылауды күшейту. барлық су тасқыны кезеңінде Клиникалық-диагностикалық емхана, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (келісім бойынша) 6. Қалаға электроэнергияның тоқтаусыз берілуін қамтамасыз ету, ЭЖЖ қорғау бойынша шаралар жүргізу. барлық су тасқыны кезеңінде Аудандық электрлер жүйесі, контакт желісінің электрлік бөлімі (келісім бойынша) 7. Қала мектептерінде, аудандық орталык емханасында катты отынның резервін құру. Мектепке дейінгі жэне басқа да мекемелерді жылумен қамтамасыз ететін №5 қазандығының жұмысын ұдайы бақылауда ұстау. барлық су тасқыны кезеңінде Қаланың мектеп, мектептен тыс мекемелердің директорлары, сауықтандыру басшылары (келісім бойынша) 8. Тұрғындарды жергілікті радио мен баспасөз арқылы су тасқыны кезеңінде болған ТЖ туралы құлантандыру. Су тасқынына қарсы шараларды орындауда бақылауды қамтамасыз ету. барлық су тасқыны кезеңінде Қала әкімдігінің су тасқынына қарсы штабы, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі (келісім бойынша)